Бәтерек ауданындағы ауыл тұрғындары мұғалім TikTok-та әдепсіз видео түсіретінін айтып шағымданды. Айтуларынша, балалары мұғалімге жазылғандықтан, оны үнемі көреді, деп жазады "Мой ГОРОД".
Январцевск орта мектебінде оқитын оқушының анасы баласының барлық жасөспірімдер секілді әлеуметтік желіде отыратынын айтты.
- Менің қызым телефонда отырады. Қазір TikTok пайда болды және бәрі сонда видео салады. Ағылшын тілінің мұғалімі әрі тәрбие ісі жөніндегі меңгеруші Дамир Батыржан TikTok-та әдепсіз бейнероликтер салады. Онда ол боқтап сойлеп, жалаңаш отырғаны да бар. Оқушылары мұны да көрген. Балаларға үлгі болуы тиіс мұғалім мұндай видеолар салуға тиіс емес, - дейді ол.
Әйелдің айтуынша, оқушылардың ата-аналары мектепке шағым жасап көріпті, алайда ешкім оған назар аудармаған.
Дамир Батыржанның өзі болса, ондай видеолар салғанына өкінетінін, бұл видеоларды өшіріп салғанын айтып, әріптестері мен оқушылардан кешірім сұрады.
Бәйтерек ауданы білім бөлімінің басшысы Серік Сафиуллин бұндай әдепсіз бейнероликтерді бірінші рет көрген, қызметтік тексеріс жүргізетінін айтты.