Алматы қаласындағы «Nur Otan» партиясының Жетісу аудандық филиалына Жетісу ауданының тұрғындары Көкмайса шағынауданын абаттандыруға жәрдемдесу туралы өтініш білдірді. Бұл өтініш партияның Жетісу филиалының төрағасы, аудан әкімі М.Қиқымовқа жеткізілді.
«Бюджетке қатысу» жобасы шеңберінде Көкмайса ықшамауданындағы саябақты жөндеу жұмыстары 20 күнде аяқталды. Жарықтандыруға арналған 57 тірек, 70 шам, 66 орындық, 59 қоқыс жәшігі, балалар ойын кешені, Workout және жаттығу алаңы орнатылды. Велосипед жолы тиісті таңбамен жабдықталды.
Сондай-ақ Қарағанды қаласындағы «Nur Otan» партиясы Октябрь аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне де бірнеше азамат келіп, партиялықтардың көмегіне жүгінді. Соның бірі өрт болған пәтерді жөндеу үшін құрылыс материалдары бойынша көмек көрсетуді сұрады. Аталған азаматшаға «Сапсан» ЖШС директоры Б.Алтынбеков және партиялық бақылау комиссиясының мүшесі, «Қарағанды Су қоймалары» ЖШС директоры М.Махатчина жәрдемдесіп, мәселесінің оң шешілуіне септігін тигізді. Атап айтқанда, #Bizbirgemiz республикалық акциясы аясында өтініш берушіге қажетті құрылыс материалдары (цемент, гипс, эмульсия, бояулар), сондай-ақ бірінші кезекте қажетті азық-түлік пен киім-кешек жеткізілді. Өз кезегінде О. есімді азаматша қиын жағдайға тап болған кезде көрсеткен көмегі мен қолдауы үшін партиялықтарға алғысын білдірді.
Қоғамдық қабылдау бөлмесінің көмегіне жүгінген мүмкіндігі шектеулі баласы бар көпбалалы ана «Nur Otan» партиясы құрған «Төтенше жағдайлар қызметі – 111» нөміріне хабарласты. 4 жастағы баласы жақында облыстық жұқпалы аурулар ауруханасынан шыққанын айтқан көпбалалы ана ем-домға қажетті дәрі-дәрмекті ала алмай отырғанын айтты. Оның шағымы облыстық Денсаулық сақтау басқармасына жіберіліп, кейін тиісті тапсырма жедел түрде аудандық ауруханаға бағытталды. «Төтенше жағдайлар қызметі – 111» тапсырмасы бойынша ауылға дәрігерлер тобы жіберіліп, балаға укол салынып, қажетті ем-дом жасалынды.