«Жануарлардың аса қауіпті ауруларының алдын алу бойынша 2020 жылға бекітілген ветеринариялық іс-шаралар жоспарына сәйкес, жыл басынан бері құс тұмауына қарсы вакциналардың 3 377 900 дозасы таратылды. Құс тұмауының тіркелуіне байланысты республикалық қордан қосымша 1 359 148 доза вакцина бөлінді (СҚО – 873 мың доза, Қостанай облысына – 21 мың, Павлодар облысы – 465 мың доза)», – дейді министрлік.
Сондай-ақ 2020 жылдың 22-23 қыркүйегінде өңірлерге қосымша 1 015 518 вакцина берілген: Ақмола облысы – 510 300 доза, Қостанай облысы – 345 218 доза, Қарағанды облысы – 100 000 доза; Жамбыл облысы – 60 000 доза. Сондай-ақ қосымша 699 355 вакцина сатып алынған. Олар 1 қазанға дейін жеткізіледі. Еске сала кетсек, бүгінде құс тұмауы тіркелген облыстардың саны жетеу болды.