Ашылу салтанатында сөз сөйлеген Қазақстанның елшісі Мадияр Меңілбеков: «Абай» мәдени-танымдық залы қазақ халқының әдеби мұрасын шетелдегі отандастарымыз арасында дәріптеуге, жергілікті оқырман қауымды қазақ классигінің шығармаларымен таныстыруға мол үлесін қосады», – деді. Елші М.Меңілбеков Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласына тоқталып: «Жаңа қоғамның жанашыры, әлемдік мәдениеттің тұлғасы, ұлы ақын Абай Құнанбайұлын еліміздің бренді ретінде халықаралық қоғамдастыққа кеңінен таныстыру – біздің мәртебелі де жауапты міндетіміз», – деп атап өтті.«Абай» мәдени-танымдық залында оқырмандар ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған қазақ, араб және ағылшын тілдеріндегі туындылармен таныса алады. Сонымен қатар аталған зал Қазақстан мен Әмірліктер арасындағы мәдени ынтымақтастық мәселелеріне арналған ғылыми бағыттағы түрлі жиындарды, баспасөз конференциялары мен басқа да ресми іс-шараларды ұйымдастыру мақсатында қолданылады.
Назгүл ЕРЖАНҚЫЗЫ