«Тергеу барысында полиция қызметкерлері күдіктіні ұстаған. Ол кінәсін мойындап отыр. Ал күдікті жәбірленушінің ең жақын досы болып шықты», – дейді Павлодар облысы Полиция департаментінің басшысы Нұрлан Мәсимов.Өткен жылы күдікті досынан жалақы алу үшін банк картасын ашып беруді сұраған. Досы оған көмектесуге келіскен. Кейін күдікті жақын досының жеке мәліметтерін пайдаланып, оның атынан 14 несие рәсімдеген. Ол алған ақшаны букмекерлік компанияға ұтысқа тігіп, ұтылып қалады. Осыған байланысты Қазақстан Қылмыстық кодексінің 190-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Назгүл ЕРЖАНҚЫЗЫ