Солтүстік Қазақстан облысындағы мектептерде оқушылардың коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов ОКҚ-да өткен брифингте айтты.
«Солтүстік Қазақстанның мектептерінде 12 оқушы коронавирус жұқтырған. Індет сегіз білім ордасынан және бір балабақшадан анықталды», - деді ол.
Оның айтуынша, балалармен байланыста болған адамдардың бәрі 14 күндік карантинге жатқызылды.