Қазақстанның үш облысы бойынша дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
26 қыркүйекте Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні, кей жерлерде 15-20 м / с құрайды. 26 қыркүйекте түнде бұл өңірдің кей аумағында 2 градус үсік жүруі мүмкін. Дауыл соғудың ықтималдығы 70-75% құрайды.
26 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысының кейбір елді-мекендерінде де тұман түседі деп күтіледі. Петропавлда 26 қыркүйекте түнде және таңертең тұман түседі. Дауылдың соғу ықтималдығы 90-95% құрайды.
Қостанай облысының кейбір аумағында тұман түседі. Түнде қатты суық болады, 3 градус үсік жүреді деп күтіледі. Дауылдың соғу ықтималдығы - 90-95%