FlyArystan 27 қазаннан бастап Ақтау-Орал жаңа әуе рейсін ашады. Бұл туралы Aikyn.kz тілшісіне компанияның баспасөз қызметі хабарлады.
Билеттің бағасы 6 999 теңгеден басталады. Рейстер аптасына үш рет жүзеге асырылады.
Жаңа бағыт бойынша тұрақты рейстер сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері жүзеге асырылады. Рейстер Airbus A320 лайнерлерінде орындалады. Ұшу уақыты - 1,5 сағат.
2021 жылдың 27 наурызына дейінгі саяхат билеттерін авиакомпанияның веб-сайтында немесе мобильді қосымшасында арзан бағаға алуға болады.
– Жаздың басынан бастап біз еліміздің батыс аймағында 12 әуебағытын аштық. Ең танымал бағыттардың қатарынан Ақтау-Орал-Ақтау жаңа маршрутын көргіміз келеді. Бұл жергілікті тұрғындар үшін маңызды рейс деп санауға болады. Каспий маңы мен БҚО-ның басты қаласының тұрғындары бұл қызметті жоғары бағалайтынына сенімдіміз және рейстің бағалары қол жетімді болады, – деп атап өтті FlyArystan директоры Жанар Жайлауова.