Джон Леннонды өлтірген қылмыскер өзінің "пасық әрекеті үшін" кешірім сұрады
Джон Леннонды өлтірген қылмыскер өзінің "пасық әрекеті үшін" кешірім сұрады
© Сурет Independent сайтынан
476
оқылды
Джон Леннонның өлімінен кейін 40 жыл өткен соң, оны өлтірген Марк Чапман Леннонның жесірі Йоко Онодан кешірім сұрады, – деп жазады Independent.
"Мен бұл қылмыс үшін кешірім сұраймын деп тағы қайталап айтқым келеді. Маған кешірім жоқ. Мен мұны бос мақтан үшін жасадым. Менің ойымша, ең ауыр қылмыс тың құрбаны жазықсыз адам болады", - деді 65 жастағы Чапман.
Ол әрқашан кісіні мінсіз өлтіру туралы ойлайтынын айтты. "Бұл өте эгоистік әрекет болды. Мен оның (Йоко Оно) басына қайғы түсіргенім  үшін кешірім сұраймын".  Сонымен қатар Чепмен Леннонды өлтіру «пасық әрекет» екенін түсінгенін де қоса кетті. Сондай-ақ, ол кісі өлтіру кезінде өзін Сэлинджердің "Құрдым алдындағы қарабидай ішінде" романының басты кейіпкерімен, оның жалғыздығымен салыстырғанын айтты. Марк Чапман 1980 жылы 8 желтоқсанда Нью-Йоркте Джон Леннонды атып өлтірді. Ол кезде ол 25 жаста еді. Екі жылдан кейін Чапман шартты түрде мерзімінен бұрын босату құқығын алады.