Әр бала өмір сүруге құқылы...
Әр бала өмір сүруге құқылы...
©Сурет интернеттен алынды
798
оқылды

Отбасындағы зорлық-зомбылық –  қазіргі дамыған қоғамдағы көкейкесті мәселе. Әйелдердің жиі зардап көретіні жазылып та, айтылып та жатыр. Алайда отбасындағы кикілжің жағдайда бүкіл ауыртпалық балаға тиеді. ЮНИСЕФ-тің  мәлімдеуінше, ересектердің шамамен 75%-ы отбасында балалардың мінез-құлқын қадағалап отыру үшін дене жазалауын қолдануды құптайды екен.

Ал 2-14 жас аралығындағы әрбір екінші бала отбасында зорлықпен тәртіпке салу шараларына душар болуда. Бұл дегеніміз – еліміздегі балалардың 50 пайызы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны.

бала

Дағдарыс орталығына түсетін балалардың хал-жағдайын, олардың психологиялық ахауалын білу мақсатында «Жан-Сая» дағдарыс орталығының психологы Салтанат Маусейітовамен аз-кем тілдескен едік. – Қазір орталықта қанша бала бар? Олардың барлығына бірдей психологиялық көмек көрсетіле ме? – Әзірге біздің орталықта 22 бала бар. Бұл жерде ешкімді бөліп-жармаймыз, бәрімен міндетті түрде профилактикалық жұмыс істейміз. Мысалы, барлығын бір топқа жинап, сурет салып, әуен тыңдап, ойын ойнаймыз. Ондағы баланың барлығында қатты психологиялық ауытқуы бар деген сөз емес. Бірақ ішінара жағдайы ауыр дегендерімен жеке жұмыс істейміз. [caption id="attachment_75070" align="alignnone" width="1024"]бала ©Сурет интернеттен алынды[/caption] – Жалпы, психологиялық күйзеліске түскен баланы емдеп жазуға бола ма? Оған қанша уақыт керек? – Әрине, кез келген баланың жағдайын жіті қадағалап, күнделікті жұмыс істей отырып, психологиялық жарасын жазуға болады. Орташа есеппен алғанда баламен 1 айдан 4 айға дейін жұмыс істей отырып, оның қорқынышын жеңуге тырысамыз. Егер сол аралықта онда психикалық ауытқушылығы қатты байқалса, тағы біраз уақыт айналысу қажет. Бәріне уақыт төреші. Бастысы қандай жағдай болмасын, кез келген баланы қалыпты өмірге әкелуге болады. Себебі, ол бақытты өмір сүруге құқылы.  

Күйзеліске түссе, ауруға шалдығады

[caption id="attachment_75071" align="alignleft" width="508"]бала ©Сурет интернеттен алынды[/caption] Баланың жан жарасын жазуға жас мөлшері әсер ете ме? Қай жастағы балалармен жұмыс істеген қиын? – Бала неғұрлым кішкентай болса, соғұрлым оңалуы да тез. Үш жасқа дейінгілердің есте сақтау қабілеті аз болғандықтан, оның көп нәрсе есінде қала бермейді. Ал 3 жастан 10 жасқа дейінгі балалармен тіл табысып, жұмыс істеу қатты қиын емес. Әйтеуір, олардың көңілін басқаға аударып, ішкі арпалыстан шығаруға болады.

Ең қиыны – кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдермен жұмыс істеу. 13-14 жасқа дейін үй ішіндегі келіспеушілік, кикілжіңнен көз ашпай, таяқ жеп өскен баладан не күтеміз? Оған қоса, баланың физиологиялық өзгерісі де әсер етеді. Психолог осының бәрін есепке алмаса, түрлі жағдайлар туындауы мүмкін.

[caption id="attachment_75072" align="alignnone" width="1024"]бала ©Сурет интернеттен алынды[/caption] – Дағдарыс орталығында  қыз-келіншектер балаларымен келіп жатады. Олардың негізгі проблемасы қандай? – Біздің дағдарыс орталығына келген әйелдерді балаларымен қабылдаймыз. Ешқандай жас шектеу жоқ. Жаңа туған нәрестеден бастап, кәмелеттік жасқа дейінгі балаларды қабылдай береміз. Арасында бір балалы келіншектер болса, енді бірі жетеуімен келіп жатады. Тұрмыстық зорлық-зомбылықты басынан кешіп қана емес, көріп өскен балалардың өзі күйзеліске ұшырып, абдырап қалады. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбанына айналған бала эмоционалды-психологиялық күйге ұшырайды. Оның түрлі мәселелері бар.

Мәселен, қатты күйзеліске түскен 4-5 жастағы немесе мектеп жасындағы жасөспірім энурезге шалдығады. Энурез дегеніміз – баланың күндізгі және түнгі уақытта бұтына жіберіп қоюы. Не болмаса кейбірі өте белсенді болып кетеді. Ондай  да ол зейін қойып, тыныш отырмайды немесе сабақ оқымай, орнында отыра алмай,  мазасызданып кетеді. Ал кейбірін бойын қорқыныш билеп, үрейленген күйге түседі.

[caption id="attachment_75073" align="alignnone" width="1024"]бала ©Сурет интернеттен алынды[/caption]

Зекіп сөйлеудің өзі күш-көрсету

 – Отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықты басынан кешірген де, көріп өскен де бала көп. Оның бәрі бірдей психологтың не болмаса дағдарыс орталығының көмегіне жүгіне бермейді. Ондайлардың тағдыры не болмақ? – Бала кездегі кикілжің оның жан дүниесінде, жүрегінде із қалдырады. Бірі – оны ұмытса, енді бірі сонымен өседі. Біріншіден, тұрмыстық зорлық-зомбылық деген тек ұрып-соғу емес, зекіп сөйлеу, балағаттау, оның қандай да бір қызығушылығымен санаспау, оған немқұрайлы қарау. [caption id="attachment_75074" align="alignright" width="461"]бала ©Сурет интернеттен алынды[/caption]

Шынын айтқанда, ондай жеткіншек өзінің шынайы қажеттілігін білмей өседі. Себебі одан ешқашан «Сенің не жегің келеді?», «Не істегің келеді?» деп сұрамаған, оның қалауына құлақ аспаған. Кейбірі өсіп, ер жетсе де, өзіне не керегін білмей өтетіндер болады. Мысалы, біздің орталыққа келген қыз-келіншектің көбісі кішкентайынан тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болған.

 Былтыр осыған ұқсас жағдай болды. 5 жасар бала үй ішінде әкесінің шешесін өлімші етіп сабап, ұрып отырғанын көріп өскен.  Баланың жүйкесі күйзеліске түскені соншалық, абцесс компульсивті бұзылуы мен энурезге шалдыққаны анықталды. Бұл жерде терапия жеткіліксіз еді. Содан дәрігердің қадағалауымен бүлдіршін бір ай бойы антидепресанттарды қабылдады. Қазір оның халі жақсы, ол биыл бірінші сыныпқа барды. Бүгінге дейін онымен хабарласып, жағдайын бақылауда ұстап отырмыз.

[caption id="attachment_75075" align="alignnone" width="1024"]бала ©Сурет интернеттен алынды[/caption] Күйеуінен таяқ жеген әйел көбіне нәрестесін ұрып-соғатыны рас па? Мұндайда не істеу керек? – Әрине, әкесінен емес, анасынан таяқ жеп өсетін бала көп. Бір сөзбен айтқанда, бұдан шығатын жолы жоқ шеңбер. Тек айналып жүре береді. Мәселен, ер адам үйіндегі келіншегіне қол көтеріп, сабап тастауы мүмкін. Ал әйелі оған ашуланып, қарсылық танытамын деп одан әрі соққыға түсуі ықтимал. Содан ана іштегі кернеп бара жатқан ашу-ызасын сол сәтте етегінен тартып, жылап тұрған кішкентай баладан алады.

Тіпті, тамақ істеп, үй жинағанда бірдеңе дұрыс болмай қалса да, өз эмоциясымен күресе алмағандықтан балаға қол көтеріп қояды. Бұл жерде мәселе әйелде емес, үйдегі азаматта екенін ұмытпауымыз керек. Ең алдымен ер адаммен одан кейін анамен психологиялық-психотерапиялық жұмыс істеу қажет. Оның ішінде, баланың да жағдайын ұмытпауымыз тиіс.

[caption id="attachment_75076" align="alignnone" width="1024"]бала ©Сурет интернеттен алынды[/caption]

Жеткіншектің суицид жасауына не себеп?

– Отбасылық кикілжіңнің ортасында өскен жастың тұйықталып, дос-жараны болмай өседі деп естідік, сол қаншалықты рас?  – Күйзеліске түскен баланың өзгеріп шыға келетіні белгілі. Басына түскен қиындықпен әрқайсысы өзінше күреседі. Мысалы, кейбірі «мұндай мәселе тек менің отбасымда» деп тұйықталып, ешкіммен сөйлеспей қалатыны да болады. Енді бірі тынымсызданып, тез ренжіп, жылап қалып жатады. Мұнда ескеретін бір дүние – қандай жағдай болмасын, бала өзіне тән емес қылық көрсете бастаса, өзгергені байқалса, оған ден қойған жөн. Ондайда мектеп психологына жүгініп, көмек сұраған әбестік емес. Әйтпегенде ол аяқ астынан бекерден-бекер өзгермейді.

Ол – отбасылық мәселе ме, әлде құрдастарымен тіл табыса алмауы ма, мұғалімдермен келіспеушілік пе, белгісіз. Бірақ оның өзгеруінде сыр бар, соны анықтау керек. Егер уақытында көмек берілмесе, бала өзіне-өзі қол салып, жағдай ушығып кетуі мүмкін.

[caption id="attachment_75077" align="alignleft" width="527"]бала ©Сурет интернеттен алынды[/caption] – Орталықта баланың өзіне-өзі қол салуы болды ма? –  Біздің орталықта  өзіне-өзі қол жұмсау жағдайы болған жоқ. Алайда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған куәгердің бастан кешіргені бар. 13 жастағы қыз үш рет өзіне-өзі қол салмақшы болған. Оның бұл әрекетін анасы моншаға түскенде байқап қалыпты. Яғни, жасөспірім қолын лезвиямен кеспекші болып, тілгілеп тастапты. Осыдан кейін баланы психологқа әкелген. [caption id="attachment_75078" align="alignnone" width="1024"]бала ©Сурет интернеттен алынды[/caption] Есімін айтпай-ақ қояйын, бірақ ол бала – үйдің үлкені. Мектептің белсендісі, өзі суретті жақсы салады екен. Түйіндеп айтсам, өте нәзік, шығармашылықтың баласы. Өздері үш ағайынды. Туғанынан әжесінің қолында болыпты.
Кейін бала ата-анасының қолына келгенде «отбасыма керек емеспін», «үшеуінің ішінде неге мені апама бере салды?  Басқаларын асырай алғанда, мені өсіре алмай қалып па?», «Неге олай істеді?» деп өзін керексіз сезініп, күйзеліске түскен. Арада біраз уақыт өтіп, ортаға қалыптаса бастаған. Қыздың қуанышы ұзаққа бармады. Әке-шешесінен таяқ жей бастаған ол өмірден түңіліп кеткен. Сол кезде «маған мұндай өмір не керегі бар?» деп өзіне-өзі қол салмақшы болыпты.
Міне, осындай жағдайлар көптеп кездеседі. Бастапқыда әшейін суицид туралы ойында жүрсе, артынан жүзеге асыруы ықтимал. Сондықтан мәселені ушықтырмай, уақытында шешкен жөн. [caption id="attachment_75079" align="alignnone" width="1024"]бала ©Сурет интернеттен алынды[/caption]

Баланың күйзеліске түсуіне әлеуметтік жағдайдың қатысы жоқ

 – Баланың күйзеліске түсуіне отбасының әлеуметтік жағдайы әсер ете ме? Негізі отбасындағы зорлық-зомбылық көбіне әлеуметтік жағдайдың нашарлығынан деп жатады. Бұған не дейсіз? – Турасын айтсам, баланың ата-анасынан таяқ жеуі немесе үйдегі зорлық-зомбылықты көріп өсуі отбасының әлеуметтік жағдайына, қоғамдағы алатын орнына, ортасына, біліміне, ұлтына, нәсіліне мүлдем байланысты емес. Мұндай жағдай қалталы азаматтардың да отбасында болады. [caption id="attachment_75080" align="alignright" width="495"]бала ©Сурет интернеттен алынды[/caption] Мысалы, Алматыда бір ірі кәсіпкер бар. Отбасының тұрмыстық жағдайы өте жақсы. Балалардың бүкіл қалауы – алдында. Тіпті, әрқайсысының астында жеке жүргізушісі бар. Өздері элиталарға арналған ақылы мектепте оқиды. Бір қарағанда, бұл отбасында – бәрі жақсы. Алайда ол шаңырақтың да берекесі жоқ екен. Өйткені кәсіпкер үйіне ішіп келіп, мастықпен әйелін ұрып-соғады. Оның көзіне шөп салады. Оны біле тұра әйелі күйеуінен кетуге бел бумайды.

Анасы мен әкесінің арасындағы мұндай қарым-қатынасты көріп жүрген бала өзі ішінен арпалысуда. Үйдің үлкен қызы жоғарғы сыныпта оқиды. Жоғарыда айтып кеткендей, күйзеліспен әр бала өзінше күреседі. Қыз болса, ашық, аңғал, бар ойын жасырмастан анасына айта алады. Сырласатын достары бар, араласатын ортасы бар. Бұл қиындықтан ол жеңіл өтті. Ал енді 9 жасар ұл керісінше, тұйықталып қалған.  

Сонымен қатар, ұлдың болмысы сабырлы, бәрін ішінде ұстайтын жан. Содан тәбеті жоғалып, достарымен араласуды қойып, сабағын оқымай кеткен. Іштегі уайым, қорқынышын ешкіммен бөлісе алмаған. Баланы осы күйзелістен шығару үшін 4 айдай жұмыс істедік. Қазір ол қалыпты өмірге келіп, жағдайы жақсарды. [caption id="attachment_75081" align="alignnone" width="1024"]бала ©Сурет интернеттен алынды[/caption] Анасымен де айналыстық, ол жағдайды жақсы түсінгенімен, одан кетуден бас тартты. Бұл жағдайда біз шарасызбыз. Қолымыздан келері жағдайдан шығар жолды көрсете аламыз, бірақ шешім қабылдайтын өзі.

Ондай қадамға әйелді күштей алмаймыз. Екіншіден, отбасында өсіп келе жатқан екі жеткіншек бар, олардың бүкіл материалдық жағдайы жолдасының қолына қарап отыр. Өмір болған соң, әрқилы жағдайлар болады. Қай-қайсысы болсын, мәселені уақытында шешуді талап етеді. Біз осыны ұмытпағанымыз абзал.

[caption id="attachment_75299" align="alignnone" width="340"] width= ©А.Ахметқазы[/caption]