– Семей қаласы бойынша праймеризге 118 үміткер тіркелген, оның 30 пайызы – әйелдер, 28,8 пайызы – 35 жасқа дейінгі жастар. Қала бойынша жастардың праймеризге деген белсенділіктері жоғары. Үміткерлердің бәрі де қаламыздың болашағына қатысты маңызды мәселелерді өздерінің сайлауалды бағдарламасының негізі етіп алып отыр, – дейді «Nur Otan» партиясы Семей қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Айнұр Арғынбекова.Жалпы, Семей қаласында бүгінгі күнге дейін үміткерлер арасында ашық пікірсайыс 8 рет ұйымдастырылды. Оған 40-тан астам үміткер қатысып, өзінің сайлауалды бағдарламасымен таныстыруға мүмкіндік алды.
А.ЖАСАН