– Біздің ауылда осы күнге дейін ауызсу үшін 2 құдық болған. Бірақ бұл ауыл тұрғындары үшін жеткіліксіз болды. Тұрғындар бұл мәселені бірнеше рет көтерді. Шешілмегендіктен БАҚ-қа жүгінуге тура келді. Жарияланғаннан кейін екінші күні бізге, ауылға аудандық филиал мен «Nur Otan» партиясы Казталов аудандық филиалы Партиялық бақылау комиссиясының өкілдері келіп, 15 қыркүйекте аудандық әкімдікке ауылдағы құдық мәселесін шешуге ұсыныс берді. Нәтижесінде, ауылда жаңа құдық қазылып, ауыл маңындағы өзеннің тереңдеуі туралы қосымша мәселе шешімін тапты, – дейді Аққурай ауылының әкімі Досжан Ахметов.Бүгінде парткомиссияның ұсыныстары орындалды. Қазіргі уақытта Аққурай ауылында 3 құдық жұмыс істейді. Бөгетті тереңдету жұмыстарына 2 млн 880 мың теңге бөлінді. Бөгетті тереңдету қараша айында аяқталады.
Әбілмансұр ЖАСАН