Адамдар бар, адамдар, арасында надандар демекші, әлеуметтік желде жасырынып алып, жынданатын, есуас сөздер айтатын, тілдерін безейтіндер, оны айтасыз, Алаш арыстарын мазақтайтындар көбейді.Міне, қараңыз, екі жігіт әңгімелесіп, ұялы телефондарына үңіліп отыр.–Мынаны қара! Тырдай қыз! –Күшті билейді екен, ә?–Бөксесін айтсаңшы, бөксесін!–Туфли киген өкшесін айтсаңшы, өкшесін!–Белін үзіп тастайтындай жіңішке екен!Өзі керемет сұлу!Одан әрі екеуінің дауыстары қаттырақ шықты.–Мына қыз тоңқайып, не істеп тұр?–Қазір сальдо жасайды.–Жооқ, фигурасын көрсетіп тұр...Осындай ұятсыз бейнелер әлеуметтік желідегі «Тик-ток» қосымшасында өріп жүр, оларды жасөспірімдер де, кәрі-құртаңдар да көріп жүр. Жарайды, мұндай ұятсыз порноларға таң қалмайтын болдық дейік, қараңыз:–Мәссаған, Ахмет Байтұрсынов пен Әлихан Бөкейхановты «тірілітіп» қойыпты!–Бастарын қалай–қалай қисаңдатады десеңші?–Мульти жан бітіріпті!–Ха-ха-ха! Жан бітіріпті! –Жындылар сияқты қимылдайды, ә?Мұны қойшы, бұдан да сорақысын көресіз! Қазағымыздың қаймағы, Ұлы ақын Абай Құнанбаевта нелері бар десеңші? Бұл дегеніңіз, барып тұрған надандық емес пе?–Қарашы, Абай Құнанбаев!–Өләә, билеп жатыр!–Кім?–Абай Құнанбаев!–Қане, көрсетші?–Міне!–Күшті билетіп қойған, ә?–Абай атамыз түнгі клубта жүрген сияқты екен!Тәртіпсіз «Тик-токшылар» небір сорақылықтарға барған. Фейк аты-жөндерімен қаруланған тик-токшылардың артында кімдер тұр? Әшейінде әлеуметтік желіде демократтық жазбалардың авторларын итпен іздеп тауып алатын құқық қорғаушылар осындай оспадар ойыншыларды неге тауып алып, жазаламасқа?–Тик ток көрейікші?–Көрейік!–Мәссаған, үкімет басшыларын, белгілі шенеуніктерді қатар тізіп, билетіп қойыпты!–Бастары жұлынып, бөлек билеп жүр ғой?–Араларында Путин неғып жүр? –Қазақты қазақ мазақтап жатқандай?Ия, заманның дамығанын құптаймыз, ал бірақ мынадай сорақылықтардан ше, ештеңе ұтпаймыз! Ешкім қарсы шықпаған соң, желі жүгермектері ойларына келгендерін жасауда. Ұлы тұлғаларды бұлай мазақ етуге жол бермеу керек! Ертеректе естеріңізде ме, Пушкин мен Құрманғазы бабамызды сүйістіргендер де табылған еді ғой? «Әй, әй!» дедік те қойдық. Қысқасы, мынадай мазақтаулардан әбден тойдық!