*“Ертең” ешқашан келмейді.
*Ұлылықтан ақымақтыққа дейін бір қадам.
*Ең жақсы шарапта да у болады.
*Күлсең, бүкіл дүние сенімен бірге күлсін, жыласаң, жалғыз жыла.
*Итпен бірге жатқан бүргемен бірге оянады.
*Ойламай сөйлеу нысанасын көздемей оқ атқанға ұқсайды.
*Тартылған құдықтан су ала алмайсың.
*Байлық – шексіз құлдық.
*Үлкен балық кіші балықтарды жеп бітіреді.
*Аз жұмыс жасаған көп мақтанады.
*Бұқа – мүйізінен, адам тілінен ұсталады.
*Аузыңды жауып жүрсең, маса кірмейді.
*Желді тормен тұта алмайсың.
*Қасқыр терісін тастауы мүмкін, бірақ пейілін тастамайды.
*Әр есек өз ақырғанын есіткенді қалайды.
*Ең ақымақ құс – өз ұясын өзі былғаған құс.
*Ең ессіз балық – бір қармаққа екі рет түскен балық.
*Ақымаққа арқан берсең, асылып өледі.
*Екі ит сүйекке таласса, үшіншісі оны ала қашады.
*Ақша – жақсы қызметші хәм жаман қожайын.
*Жанжалдасуға екі кісі керек.
*Достар сенің уақытыңды ұрлайды.
*Ақымақ өз ақшасымен тез байып кетпекші болады.
*Бір ақымақ құдыққа тастаған тасты жүз данышпан таба алмайды.
*Ақымақтар періштелер кіруге қорқатын тесікке де кіріп шығады.
*Егер барша нәрсені екі рет жасау мүмкін болса, жұрттың бәрі дана болып кетер еді.
*Екі кісі бір атқа мінгессе, әрине, біреуі артына отырады.
*Мені бір рет алдаса, өтірікші кінәлі; егер екі рет алдаса, кінә өзімнен.
*Асқазанды жақсы сөзбен толтыра алмайсың.
*Шайтанды айтсаң, ол пайда болады.
*Ауру келмей, денсаулықтың қадірі болмайды.
*Жақсы сиырдан да жаман бұзау тууы ғажап емес.
*Жаман матадан жақсы киім тіге алмайсың.
*Жамандықтан қашсаң, жамандық та сенен қашады.
*Әр ит өз үйінде – арыстан.
*Кәрі қораз қалай шақырса, кіші қораздар соны қайталайды.
*Үйге кедейшілік кірсе, махаббат терезеден шығып кетеді.
*Жұрттың бәрі сөйлесе, ешкім естімейді.
*Екі түлкі ұшырасса, шайтан түстік тамағын ішуге кетеді.
*Мысық жоқ болса, тышқандар қуанады.
*Досыма қарыз бергенімде бәрі де жақсы еді, қарызды қайтаруды сұрағанымда бұл оған ұнамады.
*Қолғап киген мысық бір тышқан да ұстай алмайды.
*Қасқырмен дос болған ұлуды үйренеді.
*Уақыттан ұтылған бар нәрседен ұтылады.
*Өліктің аяқ киімін күткен ұзақ уақыт жалаң аяқ жүреді.
*Ағашты сүйген оның жапырағын да сүйеді.
*Көп үрген ит ешқашан қаппайды.
*Көп уәде берген өзін құрғақ қасықпен тойдырады.
*Екі орындыққа қатар отырған жығылады.
*Саған біреуді ғайбаттаған адам сені де біреудің алдында ғайбаттайды.
*Жұмыртқаны ұрлаған кісі сиырды да ұрлайды.
*Ай иттің үргеніне қарап тұрмайды.
*Арыстанның құйрығы болғаннан иттің басы болған абзал.
*Жығып кететін атты мінгеннен есекпен жүрген абзал.
*Қарызбен оянғаннан тамақтанбай ұйқтаған абзал.
*Ертеңгі тауықтан бүгінгі жұмыртқа артық.
*Мені сүйсең, итімді де сүй.
*Махаббат бәрін де жеңіп шығады.
*Кішкентай тесік үлкен кемені суға батырады.
*Кішкентай балта үлкен ағашты құлатады.
*Өлген арыстанның мұртын қояндар да тартуы мүмкін.
*Әдемі ыдыстардың көбі бос тұрады.
*Атты суаруға алып баруың мүмкін, бірақ оны су ішуге мәжбүрлей алмайсың.
*Құдық тартылмай, судың қадірі білінбейді.
*Мысық жоқ жерде тышқан би.
*Қабағы түскен дос күлген дұшпаннан абзал.
*Шошқаның алдына маржан тастама.
*Таңертеңгі бір сағат кешқұрымғы екі сағатқа барабар.
*Өтірік өтірікті тасиды.
*Жүз күшті қолдан бір ақылды бас артық.
*Бір шығыршығы үзілсе, шынжыр істен шығады.
*Есекке алтын артсаң да, ол есек болып қалады.
*Ит үргеннің бәрі ұры емес.
*Суретке түсіп жатқанның бәрі бақытты емес.
*Таза су таппадым деп, лас суды ішпе.
*Тістей білмесең, тісіңді көрсетпе.
*Түлкіні қаздарға қарауыл қойма.
*Аюды ұстамай тұрып, оның терісін сатпа.
*Тышқаннан құтыламын деп, үйіңе өрт қойма.
*Арбаны аттың алдына жекпе.
*Малы аз кедей емес, көп көксейтін адам кедей.
*Балыққа жүзуді үйретпе.
*Жұмыртқаны жармай, құймақ пісіре алмайсың.
*Шақырылмаған қонақтан ол кеткенде құтыласың.
*Төгілген сүт үшін жылағаннан не пайда?
*Мүләйімдіктен арзан нәрсе жоқ.
*Күйген бала оттан қорқады.
*Бір жынды баршаны жынды қылады.
Аударған Байбота ҚОШЫМ-НОҒАЙ