Әзіл
Әзіл
276
оқылды

Күрік тауық

Күрік болған мекиен домаланған 3-4 жұмыртқаны бауырына басып балқып жата қалды. -     Қораз ием кептерлер жұмырт­қасынкезектесіп басқасын екеуіне де жеңіл.Сен де маған көмекке кел- деді өзімсініп. -     Мекиен бикеш, кептерлер жұп құрап өмір сүреді. Біз сияқты 20 мекиенге бір қоразды атастырып қойса балапан баспақ түгілі қамап қойған торынан таба алмассың. Ку-ка-ре-ку- деді. Әтеш мен оған келіспеймін дегендей басын кекжеңдетіп.  

Әлсіреген Әтеш

Тауықтар үйдің маңындағы көк шөптің арасында жүрген. Әтеш әп сәтте зым-зия жоғалып кетті. Бірмайдамнан кейін келді. -     Қайда қараң батып кетті- деді шұбар мекиен шұқшиып. -     Бізді менсінбейсің бе ? деді ақ тауық күдіктеніп. -     ... -     Неге үндемейсің,күнәһар- деді қара тауық. -     Көршінің тауықтары қыт- қыттап шақырып қоймағасын көңілдерін қимай қыдырып келдім- деді әлсіреген Әтештің кесе ағашқа қонуға да шамасы келмей.  

Кінәмшілдер

Жүрек Көшеге шықсаң күлімдеп, Еркектерді магниттей тартасың. Сары майдай еримін, Тіл сүйреңдеп, Күлімдесе қалқашым. Себепкерсің, Шығуына атымның. Күнәға белден батырдың  

Көз

Әдірем қал сенің де, Оңып тұрғаның шамалы. Аузы-басы қисаймай, Жұртқа кінә тағады. Қалмадың батұрақтап Болсаң егер мықты. Жүгірем деп әркімге, Жырым-жырымың шықты.  

Ми

Өздеріне қарамай, Бір-біріне, Күліп қалған заман-ай.  

  Түлкі- Түкең

Айналасын қарқ қылған күлкіге, Қулық- сұмдық көп екен ғой түлкіде. Алдағысы келсе ,алдай салады, Арбағысы келсе,арбай салады. Алпыс екі айласы сенгені, Жаңалықты естиді, Жұрттан бұрын елдегі. Естігенін жан-жаққа таратады, Керегін бас пайдасына жаратады. *** Жалықтырмас айтудан, Заманына сай туған. Түкеңдей болсын деген ниетпен. Нартәуекел көре жатармыз шатағын, Немеремнің атын, Түлкібай деп атадым.  

Жеткерген ӘБДІРЕЙҰЛЫ, Қызылорда облысы,  Қармақшы ауданы