Депутат онлайн-отырыста ашынасының кеудесінен сүйіп алыпты (видео)
Депутат онлайн-отырыста ашынасының кеудесінен сүйіп алыпты (видео)
118
оқылды
Buenos Aires Times мәлімдеуінше, аргентиналық депутат Хуан Эмилио Амери тікелей эфирде өтіп жатқан конгресс сессиясына ашынасымен бірге, құшақтасып отырған. Ол аздық еткендей депутат көңілдесін құшағына қысып, оның кеудесін қолымен ұстап тұрып, сүйіп алған.

Бұл көрініс депутаттар палатасында орналасқан үлкен экранға түсіп қалған. Сонымен қатар, видео әп-сәтте әлеуметтік желіде таралып кетті. Қолданушылардың арасында да наразылық тудырды. Сөйтіп, депутаттар жиын үстінде дауыс беріп, оқиғаның анық-қанығын анықтағанша әріптесін қызметінен босатты.

Ал 47 жастағы депутаттың айтуынша, интернеті дұрыс ұстамай байланыс үзілген соң, онлайн-отырыста отырғанын байқамай қалған. [embed]https://youtu.be/CZ2ZlmoFoOY[/embed] «Айтар сөзім жоқ, ел алдында ұятты болдым, кешіріңіздер!» деген ол қателігін мойындап отыр.