28 қыркүйектен бастап «Нұр-Сұлтан 1» теміржол вокзалының алаңында жаңартылған тұрақ платформасы іске қосылады.
Қалалық City Transportation Systems ЖШС-нің мәліметінше, құрылғы көліктің мемлекеттік тіркеу нөмірін бірден таниды. Яғни, жүйе ішке кіріп-шыққан көліктердің мәліметтерін тіркеп отырады. Сондықтан паркинг пайдаланушылары кіру картасын бір-бірімен алмастыра алмайды және автотұрақта тұрған уақытының ақысын төлемей кете алмайды.
Олардың хабарлауынша, тұрақтың төлемақысы өзгерген жоқ және төлемді енді алты тәсілмен жасауға болады.