Ол ХХ ғасырдың ортасындағы қолөнер шеберлерінің ағаштан жасаған заттар. Жеңісбек Қадырұлының ата-бабасынан заттардың ішінде: түйенің мұрындығы, жіп иіретін ұршық, шымылдық, желбіреуік, төсектің аяқтары, бала бесігінің аяқ бау, қолбаулар бар. [caption id="attachment_75356" align="alignnone" > ©Сурет интернеттен алынды[/caption]
- Көзімді ашқалы осы заттарды көріп өстім. Музейге тапсырған жәдігерлердің ішінде кебеже деген сандық іспетті зат бар. Ата-бабаларымыз ішіне асыл немесе сынатын бұйымдарды салып, алып жүрген. Екі жағында қайыспен баулар орнатылған. Яғни бір емес, екі адам көтеретіндей етіп жасалған. Бетінде тақтайшалардан жасалған қақпағы бар. Онда қазақтың оюымен өрнектелген, - дейді ол.[caption id="attachment_75357" align="alignnone" > ©Сурет интернеттен алынды[/caption] Оның айтуынша, түйенің мұрындығы және анасының жіп иіретін ұршығы да берілді. «Және кестемен оюлап, кестелеген шымылдық, желбіреуік, төсектің аяқтары, бала бесігінің аяқ бау, қолбаулары сияқты анамның істеген бұйымдары сақтау қорына қойылды. Көне заттарды бөтен қолда кетпесін, болашақта ұрпақтарымыз көргісі келсе, музейден табуына болады» деген Жеңісбек Қадырұлы заттар мұражайдың сақтау қорына тапсырылғанын жеткізді.
Айта кетейік, Жеңісбек Қадырұлы 2012 жылы «Аймақтар аламанына» қатысып, бас жүлдені жеңіп алған. «Мәдениет майталманы» медалінің иегері. Омбы қаласының 300 жылдығында үш күн қатарынан өнер көрсетіп, «Батыр Жеңісбек» атанған. «Қазақстанның ерекше бес адамы» қатарына енген азамат.