«Борат-2» фильмінің атауына күлеміз бе, жылаймыз ба?
«Борат-2» фильмінің атауына күлеміз бе, жылаймыз ба?
288
оқылды

Бұқаралық ақпарат құралдары «Борат» фильмінің жалғасы жарық көретінін хабарлады, – деп жазады Tengrinews.kz.

Consequence of Sound-тың жазуы бойынша фильмнің атауы тағы да Қазақстанмен байланысты. Дереккөздің жазуынша, фильмнің атауы: Borat: Gift Of Pornographic Monkey To Vice Premiere Mikhael Pence To Make Benefit Recently Diminished Nation Of Kazakhstan («Борат:  Вице-премьер Михаэль Пенске саны азайып кеткен Қазақстан халқының игілігі үшін порнографиялық маймылды сыйлау пайдалы»). Бұл жайында Америкалың жазушылардың Гильдия құжаттарында көрсетілген деп айтылады. Бірақ осы құжаттың сілтемесі қазіргі кезде «уақытша қолжетімді емес». Дереккөздің жазуынша, америкалық БАҚ фильмнің алдын ала көрсетілімі өткен. Фильмде АҚШ-тың лауазымы жоғары шенділері, атап айтқанда, АҚШ Вице-премьері Майк Пенс, Нью-Йорктің бұрынғы мэрі Руди Джулиани және тағы басқа да саясаткерлер бар деп айтылады. Айта кетейік, Бораттың Қазақстан халқын келемежге айналдырған бірінші фильмі 2006 жылы шыққан болатын.