Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Facebook-тағы парашасында: «Бүгін қазақ әдебиеті күні десек, артық бола қоймас. Өйткені 28 қыркүйек – әдебиетіміздің үш бірдей алыбы Мұхтар Әуезов, Шерхан Мұртаза және Оралхан Бөкейдің туған күні», – деп жазды.
Оның айтуынша, жазушылардың мұрасын дәріптеу – басты міндет.
«Қазақтың әр баласы Әуезовті, Шерағаңды және «Алтайдың Кербұғысы» атанған Оралханды міндетті түрде оқу керек дер едім. Сол арқылы біз Абайды танимыз және сөздің құдіретін зерделеуге, ұлттық болмысымыздың сән-салтанатына зер салуға мүмкіндік аламыз. Ең бастысы, өркениеттің шыңына жетелейтін кітап оқу деген қағиданың қадір-қасиетін түсінеміз. Заңғар жазушыларымыздың жатқан жерлері жарық, топырағы торқа болсын!», – деп жазды Мәулен Әшімбаев.