БЖЗҚ қазақстандықтардың қанша қаражат жинағанын жария етті
БЖЗҚ қазақстандықтардың қанша қаражат жинағанын жария етті
204
оқылды
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қазақстандық салымшылардың 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін қанша қаражат жинағанын жариялады. БЖЗҚ мәліметінше, 10 870 610 адамның шотында зейнетақы жинағы бар. 5 615 939 – ер, 5 254 671 – әйел адам салымшы. Олардың жалпы жинағы 11 триллион 942 миллиард 813 миллион теңгеге жеткен, оның ішінде 7 триллион 040 миллиард 032 миллион теңге ер азаматтарға, ал 4 триллион 902 миллиард 781 миллион теңге әйелдерге тиесілі.
  • 5 906 632 адам – 500 мың теңгеге дейін;
  • 1 590 837 адам – 501 мың теңгеден 1 миллион теңгеге дейін;
  • 2 348 114 адам – 1 миллион теңгеден 3 миллион теңгеге дейін;
  • 634 188 адам – 3 миллионнан 5 миллион теңгеге дейін;
  • 238 931 адам – 5 миллионнан 8 миллион теңгеге дейін;
  • 151 908 адам 8 миллион теңгеден жоғары зейнетақы жинағына ие.
Бұл ретте ерлердің зейнетақы жинақтарының орташа сомасы – 1 миллион 254 мың теңге, ал әйелдерде – 933 мың теңге. Алайда бүкіл жинақтаушы зейнетақы жүйесі қолданыста болған кезең ішінде жарналарды тұрақты түрде аударып отырған адамдардың зейнетақы жинақтарын бағалайтын болсақ, онда 1998 жылдан бері зейнетақы жарналарын ай сайын аударып отырған салымшылардың арасында ер азаматтардың жинақтарының орташа сомасы 5,8 миллион теңге, ал әйелдерде – 4,4 миллион теңге. Еске сала кетейік, Қазақстан халқына Жолдауын жария еткен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға 2021 жылдан бастап зейнетақы жинағының бір бөлігін алуға рұқсат берген болатын.