Семейде пәтер жөндеуге жалданған әйел үйді тонап кетті
Семейде пәтер жөндеуге жалданған әйел үйді тонап кетті
174
оқылды
Семей қалалық полиция басқармасы Затон полиция бөліміне ұрлық туралы арыз түскен, деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі. Жәбірленушінің айтуы бойынша, 35 квартал көшесінде орналасқан үйлердің біріндегі пәтеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін "Ирина" есімді таныс әйелді жалдаған. 44 жастағы әйел өзінің танысына сеніп, пәтердің кілтін беріп, сағат 9.00- дан 12.00 аралығында өзінің жеке шаруаларымен шығып кеткен. Пәтеріне қайта оралған жәбірленуші жөндеу жұмыстарымен айналысып жүрген жалдамалы жұмысшының пәтердің есігін жауып кетіп қалғанын көрген. Сонымен қатар, 10 000 теңгенің құрылыс материалдарының жоғын аңғарған.  
"Жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері "ізін суытпай" 47 жастағы қаскүнемді анықтап, полиция бөліміне жеткізген. Ол жасаған қылмысын толығымен мойындап ұрланған заттарды сатып, қаражатты өз пайдасына жұмсап қойғанын айтқан", - делінген хабарламада.
  Осы факті ҚР ҚК 188 бабы 1 бөлігі "Ұрлық" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру тізіліміне енгізіліп, қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізілуде.