Qolda бағдарламасы кімдерді қолдады?
Qolda бағдарламасы кімдерді қолдады?
156
оқылды
Qolda шұғыл көмек бағдарламасы аясында 1900-ге жуық мұқтаж отбасыға, 1300-ден астам шағын және орта бизнес өкілдеріне және 5 провизорлық  клиникаға көмек көрсетілді Орталық Азияның Еуразия қоры «Шеврон» компаниясымен серіктестікте жүзеге асырған Qolda шұғыл көмек бағдарламасы Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында 23 сәуірден бастап  іске қосылды. Бағдарламаның мақсаты – карантин және төтенше жағдайдың халыққа тигізетін кері әсерін төмендету, қоғамдық және еріктілер ұйымдарын қолдау, БАҚ арқылы қоғамның хабардарлығын арттыру. – Қазақстан Республикасына 27 жылдан астам сенімді серіктес болып келе жатқан біздің компания осы аумалы-төкпелі кезеңде шет қалмай, елдің сынақтан аман өтуіне қолғабыс етіп келеді. Медициналық құрал-жабдықтар алумен қоса біз пандемияға төтеп беруге халықтың әлеуетін арттыруға бет бұрдық. Нәтижесінде мыңдаған адамға және көптеген мекемелерге көмек көрсете алдық, – деді «Шеврон» компаниясының өкілі Лейла Айтмұханова. Карантиннің халыққа тигізетін негативті әсерін азайту азаматтық және еріктілер ұйымдарының әлеуметтік жағынан қорғалмаған топтарға көрсетіліп жатқан көмектерін координациялау арқылы жүзеге асырылды. Нәтижесінде БАҚ беттерінде қазақ тіліндегі сапалы контенттің саны артты.

Байқауға 100-ден астам ҮЕҰ қатысты. Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларының 11 ҮЕҰ Qolda шұғыл көмек жобасының грант иегері атанды.

– Елімізде ТЖ мен карантин басталған соң біздің қор бірден қашықтан жұмыс істеу форматына көшті. Жұмысымыз тиімді әрі нәтижелі болу үшін техникалық базамызды жетілдіру керектігін түсіндік. Бағдарламалық жасақтамаларды жаңартып, ноутбуктер сатып алынды. Қашықтан жұмыс істеу форматында біздің қордың командасы 8 жобаны тиімді жүргізіп отырды. Соның ішінде Qolda шұғыл көмек бағдарламасы бар. Бұл жоба өзін тиімді жоба ретінде көрсетті, – «Орталық Азияның Еуразия қоры» директоры Ринад Темірбеков. Qolda шұғыл көмек жобасының бірінші кезеңіне арналған онлайн-конференция соңында бағдарламаның екінші кезеңі – Qolda2.0 таныстырылды. Жобаның егжей-тегжейін www.ef-ca.kz көруге болады.