Алматы ауруханалары коронавирустың екінші толқынына дайындалып жатыр
Алматы ауруханалары коронавирустың екінші толқынына дайындалып жатыр
215
оқылды
Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-сұхбат барысында №18 қалалық емханасының бас дәрігері Майя Большанова медициналық мекеменің коронавирус инфекциясының ықтимал толқынына дайындығы туралы айтты.

"Пандемия кезіндегі негізгі міндет медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету және алғашқы медициналық-санитарлық көмек қызметкерлерінің қауіпсіздігі болып табылады", – деді М.Большанова.

АМСК ұйымдарында "таза" және "лас" аймақтар қалыптастырылған:

Ағындар бөлінді;

Эпидемияға қарсы режимді сақтау, аймақтарға бөлуді сақтау бойынша бақылау күшейтілді;

Кіреберістерде күнделікті инфекциялық бақылау жүргізілетін санитариялық бекеттер қойылды;

Жұқтыру қаупінің дәрежесіне сәйкес ЖҚҚ-ның жеткілікті санымен қамтамасыз етілді;

Эпидемияға қарсы іс-шаралар, ЖҚҚ дұрыс пайдалану қағидаттары бойынша персоналды үздіксіз оқыту, ЖҚҚ дұрыс пайдалануды бақылау жүзеге асырылады;

Инфекциялық аурулары бар, оның ішінде COVID 19-ға күдікті пациенттерге медициналық көмек көрсетуді тек сүзу (фильтр) аймағында және үйде мобильді бригадалар жүзеге асырады;

Созылмалы инфекциялық емес аурулары бар пациенттерді қашықтан бақылауды ұйымдастыру.

"Сүзу (фильтр) аймақтарында жұқпалы аурулары бар және COVID-19-ға күдікті пациенттерді қабылдау кезінде аурудың дәрежесі анықталады. ПТР-ға жағынды алынады, ауру жеңіл түрде болса емдеу тағайындалады және пациент амбулаториялық бақылауда болады. Мобильді бригадаға және учаскелік дәрігерге беріледі, орташа- ауыр түрімен ауырған пациент оқшаулағышқа орналастырылады және жедел медициналық жәрдем бригадасы профильді стационарға жеткізіледі", - деп атап өтті бас дәрігер.

Емхана жанынан құрамында дәрігер, медициналық бике, психолог немесе әлеуметтік қызметкері бар 6 мобильді бригада құрылды. Сондай-ақ, пандемия кезінде қажетті дәрі-дәрмектер қоры дайындалды.

Сонымен бірге, аурудың белгілері бойынша стандартты сұрақтармен жадынамалар әзірленді. Халық арасында әлеуметтік желілер, БАҚ, медициналық ұйымның сайтында бейнероликтер арқылы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

"Тұрғындардан бетперде режимін, әлеуметтік қашықтықты, алдын алу шараларын, вакциналық профилактиканы сақтауды сұрағым келеді. Қазір емханаларда тұмауға қарсы тегін вакцина жүргізілуде, бұл егде жастағы пациенттер, балалар, жүкті әйелдер үшін тұмау вирусынан сақтану шараларының бірі", – деп атап өтті М.Большанова.

Ауру белгілері анықталған жағдайда медициналық мекемелерге жүгіну қажет екенін айтты.