22 қыркүйекте Алматыда Экономикалық тергеу департаментінің ғимаратында тергеуге келген күдікті 5-қабаттан секіріп мерт болды.
Тергеу мәліметтеріне сәйкес, 44 жастағы Ерлан Қонысбаев 2016 жылы БҒМ Ғылым комитетінен құны 230 млн теңге болатын грант ұтып алғаны белгілі болды.
Келісімшартта белгіленген қалған қаражатты қолдануға салынған тыйымға қарамастан Қонысбаев бөгде компаниялардың (аффилириленген) есепшотына 88 млн теңге аударып, нақты ақшаға айналдырып алған.
Ал келісімге сәйкес уағдаласқан жұмыс орындалмаған. 2020 жылы 22 қыркүйекте одан адвокатының қатысуымен күдікті ретінде сұрақ жауап алынды.
Ерлан Қонысбаевқа ҚР ҚК 190-бабының 4-бөлімімен аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген айып тағылды. Тергеу барысында Ерлан Қонысбаевтың бұған дейін бір рет ауыр қылмыс бойынша істі болғаны анықталды.
Сондықтан, тергеуші ҚР ҚК 128-бабы бойынша уақытша оқшаулау орнына қамау туралы шешім шығарған болатын.
Ұстау хаттамасы толтырылып, тінту жүргізіліп жатқанда Ерлан Қонысбаев 5-қабаттағы терезеден секіріп кеткен. Жедел жәрдем келгенше ол көз жұмды
Қазір ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитеті осы дерекке байланысты ішкі тексеру жұмыстарын бастады.