Нұр-Сұлтанда екі автобус соқтығысты
Нұр-Сұлтанда екі автобус соқтығысты
125
оқылды

Нұр-Сұлтанда екі автобус соқтығысты. Бұл туралы қалалық департамент хабарлайды.

«7 қазан күні таңертең Мәңгілік ел даңғылы бойындағы №15 автобустың жүргізушісі жанындағы интервалды сақтамай, балаларды күтіп тұрған мектеп автобусына соқтығысқан. Жол апаты кезінде мектеп автобусында оқушылар болмаған», - деп хабарланады.

Нөмірі 15 автобуста шамамен 30 жолаушыдай болған. Салдарынан ондағы екі жолаушы жарақат алып, емханаға жеткізілді. Тексеріс жүруде.