Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Әлеумет

Коронавирустың өзі де, ізі де қауіпті

Коронавируспен бұрын ауырғандар «бірінші толқын кезінде өткергем» деп арқаны кеңге салуға болмайды. Өйткені ғалымдар постковид синдромы туралы сөз қозғап, дабыл қағып жатыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі де ескертті. Мамандардың сөзіне сүйенсек, қан қысымы жоғары және жүрегі ауыратын жандарға бұл кезең қиын соғуы мүмкін. Балаларда қандай белгілер білінгенде дәрігерге бару керек? Ересектер екінші толқында нені ескеруі тиіс? Мамандардың пікірін білдік.

«Айқын» ақпарат
Қыркүйек 29, 2020
Әлеумет, Жаңалықтар, Қазақстан
koronabirys
69
қаралым

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев корона­вирустың екінші толқынына сақадай-сай болуды тапсырды. Алматы қаласындағы ауруханаларды аралап шыққан Мемлекет басшысы іссапар кезінде осындай тапсырма жүктеді. «Қазір әлемдегі ахуал өте қиын. Еуропа мен Америкада екінші толқын жүріп жатыр. Пандемияның бірінші толқынынан үлкен сабақ алдық. Бұл тәжірибе бізге әлі керек болады. Оңай болған жоқ. Қателіктер кетіп жатты. Соның ішінде Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан да. Бірақ сол қатемен жұмыс істедік. Сол себепті екінші толқынға дайын болайық», – деді Тоқаев.

Бүгінде Ұлттық кардиохирургиялық орталық, University Medical Center корпоративтік қоры мен Назарбаев университетінің зертханасы бірлесіп, постковид синдромын зерттеуге қатысты жобаны қолға алып жатыр. Бұл туралы Ұлттық кардио­хирургиялық орталықтың басқарма төрағасының міндетін атқарушы Махаббат Бекбосынова хабарлады. «Ковидпен ауырып шығу бір басқа, одан кейінгі постковид синдромы деген бар. Бір-екі айдан кейін қазақстандық науқастар бас ауруы, жадының нашарлауы, көз көру мен құлақ есту қабілетінің төмендеуі сияқты түрлі мәселелерді айта бастайды. Өйткені COVID инфекциясы ағзаны толық зақымдайды. Коронавирус пнев­мониясының ең ауыр формасы – артериялық гипертония. Бізде коронавирустан қайтыс бол­ғандардың жартысында осындай артериялық гипертония болған. Бірақ егер науқас қан қысымын бақылауда ұстаса, аман қалу мүмкіндігі жоғары», – дейді Бекбосынова.

Ковидпен ауырып шыққандардың 80 пайызы постковид синдромын бастан өткерген деседі. Жеңіл түрде ауырғандардың өзінде бұл белгілер болады. Бұл жердегі қиын мәселе – денсаулығы онсыз да мәз емес азаматтардың жағдайы ауыр­лауы ықтимал екені. Сондықтан тәуекел тобын­дағылар бұған бейжай қарамағаны дұрыс. Тұрғылықты мекенжайы бойынша емханаға тіркеуге тұрып, дәрігердің бақылауында бол­ғаны абзал. Сонымен қатар қандай да бір асқынған белгілер байқалса, бірден дәрігер ша­қыру керек. Үйде, өздігімен емделуге ты­рыспау қажет екенін мамандар бірауыздан ескертіп жатыр.

Осыған дейін белгілі болғандай, коронавирус бірінші кезекте өкпені зақымдап, вирустық пневмония тудырады. Бірақ соның өзінде әркімде әртүрлі өтеді. Іс жүзінде көріп отыр­ғанымыздай, бірі өзінің ауырғанын білмей қалса, енді бірі бір өліп-тірілгендей болды. Вирус жұқтырғаннан кейінгі салдардың ішінде қан­тамырда тромб­тардың түзілуі бар. Ол болса тромбо­эмболияға, тіпті өлімге душар етуі мүмкін. Әсіресе, көп оты­рып, аз қимылдайтындарда тромбоз қаупі жоғары.

 

Жаппай вакцинациялауға жұрт келісе ме?

Бір тәулікте коронавирустан 4 адам қайтыс болды

COVID-19: Төрт облыс әлі де «қызыл» аймақта тұр

Көлік жүргізуге болмайды

«Кемедегінің жаны бір» демекші, ковидпен ауырғандар әлеуметтік желіде белсенді түрде ой бөлісіп, ортақ чаттарда пікір алмасады. Мысалы, Facebook желісінде – COVID-19 survivorcorps, Telegram-да «Запахи/вкусы после COVID-19» деген топ бар. Ол жерде көпшілігі шаш қатты түсіп жатқанын, дәм мен иіс сезуде үлкен проблема туындап жатқанын айтып шағымданған. «Өте қатты терлейтін болып кеттік. Жұмыртқа, ет, пияз жей алмаймыз. Мұрнымызға келетін иістің қан­дай екенін нақты суреттеу қиын. Құдды шіріген иіс секілді. Басында иіс сезбей қалған едік. Бұлай жүргеннен мұрын бітелгені жақсы сияқты. Кейде таттың иісіне ұқсап кетеді. Үйден гөрі далада көбірек мазалайды. Терезе ашса да сондай иіс келеді» деген сарындағы жазбалар жетерлік. Құтылудың амалын іздеген олар соя етін, кеп­тірілген тағамдарды жеуге көшкен.

korvit

Дәрігерлер ковидпен ауырғандар жазылған бойда көлік айдамағаны дұрыс деген кеңес айтып жатыр. Өйткені вирустың кесірінен мидағы қан айналым мен когнитив функция дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін деседі. Одан бөлек, тынысы тарылуы да мүмкін. Сондықтан көлік тізгініне отыруға асықпаған жөн деседі. Жалпы, ауырып болғаннан кейін 2-3 ай көлемінде неврологиялық, жүрек-қан тамырларының өзгерістері болуы қалыпты. Тершеңдік, тез шаршап қалу, ұйқы­шылдық басуы да осыған байланысты.

Неліктен әр адамда белгілер әртүрлі болады? Себебі вирус науқастың қосалқы ауруларын қоздырады. Өкпе демікпесі бар адамда, диа­бектиктер мен гипертониктерде, артық салмағы барда, қарттарда сауығу уақыты ұзаруы әбден мүмкін. Мамандардың айтуынша, денсаулықтың қалыпқа келуі 2 аптадан 6 айға дейін созылады екен. Жөтел, қан қысымы байқалса, бірден антибиотик ішуге асықпаған жөн. Егер сатурация, яғни қанның оттегіге қанығу мөлшері қалыпты болса даурығуға негіз жоқ. Бастысы – учаскелік дәрігерге байланысып, талдамалар тапсырып отырсаңыз болғаны.

«Бүгінде науқастардың дені сауығу сатысын білмей, симптомдарды шатастырып алып жатыр. Сөйтіп, қайтадан антибиотик ішіп, анти­коагулянттарға қайта оралып жатқандар бар. Олай етуге болмайды. Өйткені бұл ағзаны әлсіретеді. Анализ тапсырып барып, ем алу қажет», – дейді пульмонолог Айжан Ерназарова. Дәрігердің айтуынша, жыл сайын қыста пневмония, ОРВИ сырқаттарына шалдығатындар көрсеткіші бірден өсіп кетеді. «Коронавирусқа дейін өкпе-тыныс ауруларын, өлім-жітім көрсеткішін БАҚ аса жазбайтын. Енді көбірек ақпарат беріліп, өлім саны айтылғандықтан жұрт алаңдай бастады. Екінші толқынның қаншалықты деңгейде өтерін дөп басып айту мүмкін емес. Тек жалпылама айтқанда, жыл сайынғы бронхит, пневмонияға коронавирус инфекциясы қосылады. Сондықтан алдын алудың жалғыз тәсілі – сақтық шараларын ұстану».

 

Балалардың өлім-жітім
көрсеткіші төмен

Бұдан бөлек, әлемдік ғалымдардың балалар денсаулығына қатысты дабылы жайлы да айта кету керек. Балаларда коронавирус инфекциясына байланысты мультижүйелік қабыну синдромы (MIS-C) болуы мүмкін. Бұл жағдайда жүрек зақымдалып, өмір бойы дәрігердің бақылауын қажет ететін дәрежеге жеткізеді дейді. Мұндай пікір The Lancet медициналық журналында жарияланған зерттеу нәтижесінде айтылды. MIS-C ауру симптомсыз инфекциядан 3-4 аптадан кейін сап-сау балалардан да табылуы мүмкін екен. Бұл туралы медицина докторы, Техас универ­ситетінің медициналық ғылымдар орталығының магистрі Альваро Морейро мәлімдеді. «Зерттей келе, аталған синдромның аурудың айқын бел­гілерінсіз пайда болғанын көрдік. Бұл – қор­қынышты. Балаларда еш белгі болмай, бірер аптадан соң денесі қабынуы мүмкін», – дейді Морейра.

Зерттеу жасаған топ постковид синдромының әлем бойынша тіркелген 662 дерегін талдаған. Соның нәтижесі былай болыпты: балалардың 71 пайызы интенсивті терапия бөліміне жатқы­зылған, стационарда 7-9 күндей емделген, бә­рінде безгек болған, 73,7 пайызында диарея, 68,3 пайызында құсу белгілері кездескен. 90 пайызына ЭКГ жасалып, оның ішінде 54 пайызында нор­мадан ауытқу байқалыпты. Бала­лардың 22,2 пайызына өкпені жасанды жолмен желдету аппа­ратттары қажет болған. 11 бала өмірден өткен.

Айжан Ерназарова балаларда мұндай син­дромның байқалып отырғанын растап отыр. «Атап айтқанда, дене қызуы көтеріліп, асқазан-ішек жолдарында өзгерістер болып, әсіресе бөртпе, конъюнктивит пайда болып жатыр. Не­гізі бөртпеге баса мән беру керек. Осы белгілердің бірін байқасаңыз, бірден дәрігерге хабарласыңыз. Өйткені мультижүйелік қабыну синдромы бай­қалған баланың ауруханада болғаны дұрыс. Тағы бір айта кетерлігі, бір емес, бірнеше дәрігер бақы­лауында болуы керек. Атауының өзі муль­ти­жүйелік болуы сол себепті. Әлем бойынша ба­ла­лардың өлім-жітім көр­сеткіші төмен. Бізде тіпті тіркелмеген. Дегенмен ата-аналар өздері үшін де, балалары үшін де сақ болғаны жөн», – дейді дәрігер. Әзірге синдромды емдеудің тиімді тәсілі нақтыланған жоқ. Бас­тысы, сақтық ша­раларын сақтау арқылы денсаулыққа мән беру.

 

Жадыра АҚҚАЙЫР

 

 

 
Тегтер: бірінші толқынДенсаулық сақтау министрлігікоронавирупостковид синдромы
Алдыңғы жаңалық

Көшеде әйелді зорламақ болған күдікті ұсталды

Келесі жаңалық

Болашақ мұғалімдер 42 500 теңге шәкіртақы алып жатыр – Аймағамбетов

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте кейуананы өз қыздары мен күйеу балалары соққыға жыққан
Жаңалықтар

Шымкентте кейуананы өз қыздары мен күйеу балалары соққыға жыққан

Қаңтар 18, 2021
коронавирус
Жаңалықтар

Дәрігер коронавирустың жұғуын 250% арттыратын факторды атады

Қаңтар 18, 2021
2020 жылы мүгедектерге және асыраушысынан айырылғандарға 366 млрд теңге жәрдемақы төленді
Жаңалықтар

2020 жылы мүгедектерге және асыраушысынан айырылғандарға 366 млрд теңге жәрдемақы төленді

Қаңтар 18, 2021
Қылмыс әлемінің серкесі «Серік-голова» 19 жылға сотталды
Жаңалықтар

Қылмыс әлемінің серкесі «Серік-голова» 19 жылға сотталды

Қаңтар 18, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте кейуананы өз қыздары мен күйеу балалары соққыға жыққан

Қаңтар 18, 12:36

Дәрігер коронавирустың жұғуын 250% арттыратын факторды атады

Қаңтар 18, 12:24

2020 жылы мүгедектерге және асыраушысынан айырылғандарға 366 млрд теңге жәрдемақы төленді

Қаңтар 18, 11:58

Қылмыс әлемінің серкесі «Серік-голова» 19 жылға сотталды

Қаңтар 18, 11:46

Ғалымдар 2021 жылы коронавирусқа қатысты ахуал нашарлайтынын болжады

Қаңтар 18, 11:22

Қазақстанда қайтадан аяз болады

Қаңтар 18, 10:58

Ерлан Қарин коронавирусқа қарсы вакцинаны екінші рет салдырды

Қаңтар 18, 10:33
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

Шымкентте кейуананы өз қыздары мен күйеу балалары соққыға жыққан

Шымкентте кейуананы өз қыздары мен күйеу балалары соққыға жыққан

Қаңтар 18, 2021
коронавирус

Дәрігер коронавирустың жұғуын 250% арттыратын факторды атады

Қаңтар 18, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»