Кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл соғады.
Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел жылдамдығы 15-23 м/с жетіп, шаңды дауыл тұрады.
Ақмола, Павлодар, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, желдің қарқыны 15-20 м/с дейін күшейеді. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі.
Қызылорда, Жамбыл, Алматы, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде 1-3 градус үсік жүреді.