Рудный әкімі отставкаға кетті
Рудный әкімі отставкаға кетті
293
оқылды
Рудный әкімі Бақытжан Ғаязов қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметі. Рудный әкімі отставкаға кету туралы өтініш жазған. Бақытжан Ғаязов бұл қызметте 9 жыл болған еді. Бақытжан Темірұлы Ғаязов 1962 жылы 27 қазанда РФ Челябі облысы Қарталы ауданы Роднички ауылында дүниеге келген. 1982 жылы РФ Челябі облысы Троицк қаласы зооветеринария техникумын бітірді. 1982- 1984 жылдары - Кеңес Әскері қатарындағы қызметте болды. 1989 жылы Троицк ветеринар институтын ветеринар дәрігері мамандығы бойынша, 2003 жылы Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген.