Алимент төлемеген әке қымбат пәтерінен айырылды
Алимент төлемеген әке қымбат пәтерінен айырылды
131
оқылды
Алматыдағы Абай даңғылындағы пәтер иесі алимент төлеуден жалтарғаны үшін тұтқындалды. Бұл туралы қалалық Әділет департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Қарағанды қаласы Октябрь ауданының № 2 аудандық соты кәмелетке толмаған баланы күтіп-бағуға жалақының және өзге де табыстың барлық түрлерінің төрттен бір бөлігі мөлшерінде алименттерді ай сайын өндіріп алу туралы атқару құжатын берді. Бала әкесінің жалпы қарызы 2 323 066 теңгеге жеткенде жылжымайтын мүлік сатылды.
"Сатып алу-сату шартына сәйкес тыйым салынған жылжымайтын мүлік 20 484 149 теңгеге сатылды. Төлем тапсырмасына сәйкес алимент бойынша берешек өндіріп алушыға 2 323 066 теңге сомасында аударылды", - деп хабарлады ведомстводан.
Жақында Нұр-сұлтан қаласынан алимент төлемейтіндерден Toyota Camry және жаңа Toyota Prado тәркіленгені, ал Қарағанды облысының тұрғыны осындай құқық бұзушылық үшін бас бостандығын шектеумен жазаланғаны туралы хабарланды.