Қордай оқиғасына қатысқандар сотталды
Қордай оқиғасына қатысқандар сотталды
289
оқылды
Сот үкімі бойынша Абзал Нұра­хановқа Қылмыстық кодекстің 272-бабы бойынша «жаппай тәртіп­сіз­дікке қа­тысты» және 188-бабына сәйкес «ұр­лық жасады» деген айып тағы­лып, ол 8 жылға бас бостан­ды­ғынан айы­рылды. Судья Бақытбек Ибрагимов деген азаматты «аса ірі көлемде ұрлық жа­сады» деп 7 жылға соттады. Нұра­ханов пен Ибрагимов жазасын қатаң режим­дегі колонияда өтейді. Сондай-ақ Мырзағали Дүйсенбаев «аса ірі көлемде ұрлық жасады» деген айыппен 5 жылға сотталды. «Жаппай тәр­тіпсіздікке қатысты» деп айып­тал­ған Рүстем Бежібаев 5 жылға, Ерлан Бұрал­қынов 3 жыл 20 күнге, Ұлан Атам­­баев пен Алмат Тілеуғалиев 3 жыл­­ға түрмеге қамалды. Олар жаза­сын қауіп­сіздігі орташа түрмеде өтей­ді. Естеріңізге салсақ, ақпан айында Жамбыл облысының Қордай ауда­нында қазақтар мен дүнгендер ара­сында қақтығыс болған еді. Оқиға ке­зінде 11 адам қаза тапты. 59 адам­ның үстінен 120-дан астам қылмыстық іс қозғалды. Бас прокуратураның мәліметінше, қақтығыс кесірінен 164 үй мен сауда орны, 100 көлік қираған. 342 адам зар­дап шеккен. 400-ден астам экс­пертиза жүргізіліп, 1 500-ден астам адам сұ­ралған. Ресми мәлімет бойынша, жаппай жанжалға Сартөбе ауы­лындағы қазақ­тар мен дүнгендер арасындағы кикіл­жің себеп болған.  

Ерсайын БАҒДАТ