Құс тұмауы түстікке де жетті
Құс тұмауы түстікке де жетті
277
оқылды
– 18 қыркүйекте хабар келген соң ПТР-тестін жібердік. 21 қыркүйекте құстарда ауру бары анықталды. Басында үй тауығы, қаз және күркетауық сияқты 360 құс өлген. Кейінірек арнайы отряд барып, залалсыздандыру жұмыстарын жүргізді, жалпы саны 400 құс жойылды, – дейді Ербол Жиенқұлов.
Карантин шектеулері 21 күнге созылады. Ауыл маңына блок-бекет қойылып, ауыл тұрғындары мен көліктер сол жерде тек­серістен өтеді. Ветеринария мамандарының сөзінше, адамдарға құс тұмауы жұқпаған. Осы уақытқа дейін республикалық резервтен бөлінген 60 мың вакцина Жуалы ауданындағы құстарға егілген. Тағы 100 мың вакцина таратылып берілген. Ербол Жиенқұлов құс тұмауын аймаққа жабайы құстар алып келді деп есептейді.
– Жуалы ауданында жабайы құстардың тұрақтайтын екі жері бар: бірі – егістік басы. Құс тұмауы сол жақтан жұққан болуы мүмкін. Біз вакцинаны су жанындағы, қойма маңындағы елді мекендерге, ауылдарға таратып бердік. Келесі аптаның аяғына қарай тағы да бөлінеді, – деді ол.
Оның мәліметіне сенсек, Жамбыл облысында 1 млн 30 мың құс бар. Айта кетейік, осы уақытқа дейін құс тұмауы Солтүстік Қазақ­стан, Ақмола, Қостанай, Павлодар, Қарағанды және Түркістан облыстарынан табылған. Үкімет жыл басынан бері құс тұмауына қарсы 3 млн 337 мың вакцина бөлінген. 1 қазанға қарай 700 мыңға жуық вакцина тағы сатып алынады.  

Айдар ДӘУІТҰЛЫ