"Қазгидромет" РМК 1-3 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Синоптиктердің болжамына сәйкес, алдағы күндері Қазақстанның солтүстік өңірлерінің ауа райына солтүстік-батыс циклоны әсер ететін болады.
Бұл аудандарда жауын-шашын күтіледі, көбінесе жаңбыр түрінде болады.
Тек еліміздің батыс бөлігінде ғана ауа райы жауын-шашынсыз болады.
Республика бойынша кей жерлерде тұман, желдің күшеюі, оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл күтіледі.