Қайрат Нұртас мұғалімдерді кәсіби мерекесімен құттықтады
Қайрат Нұртас мұғалімдерді кәсіби мерекесімен құттықтады
164
оқылды
Белгілі әнші Қайрат Нұртас мұғалімдерді келе жатқан кәсіби мерекесімен құттықтап, жылы лебізін білдірді. 
«Құрметті ұстаздар, құрметті білім ардагерлері! Сіздерді мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын. Абырой берсін сіздерге. Біздің ұл-қыздарымыз қазір осындай індетте мектепке бара алмай, сіздерді көргісі келіп, сондай бір сағынып жүр. Құдай қаласа, соның бәрі оңынан болып, біздің бала-шағамыз сіздерге қайтадан оқуға барсын деп тілеймін. Сіздердің арқаларыңызда жақсы, талантты балалар шығып жатыр. Аман болыңыздар! Ұстаздар мерекесі тағы да құтты болсын», – деді құттықтауында Қайрат Нұртас.
Танымал әнші өз құттықтауын «Ұстазым менің, ұстазым» әнінің қайырмасымен аяқтады. https://www.instagram.com/p/CFwFZetlTzW/