Елордада Қостанай және Қарағанды облыстарының жәрмеңкесі өтеді
Елордада Қостанай және Қарағанды облыстарының жәрмеңкесі өтеді
215
оқылды
Келушілер санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтауды ұмытпауы керек, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты. 3-4 қазан күндері "Хан Шатыр" СОО жанындағы алаңда (Қонаев көшесі мен Тұран даңғылының қиылысы) Қостанай және Қарағанды облыстарының қатысуымен жәрмеңке өтеді. Екі күн ішінде 14 аудан мен 7 қаладан 130-дан астам кәсіпорын ауыл шаруашылығы өнімдерін сататын болады. Жәрмеңкеде сүт, ет өнімдерін шығаратын республикаға және шет елге танымал кәсіпорын брендтері өз өнімдерін ұсынады: “Шахтерское” ЖШС, “Нәтиже” ЖШС, “Редмилк” ЖШС, “ЕвразиянФудс” ЖШС, “Құлагер”, “Дедов” ЖШС, “Мецгер” ЖШС, "Милх" ЖШС, "ДЕП" ЖШС, "Лидер-2010" ЖШС, "Баян Сұлу" АҚ, "Тэрра" ШҚ, "Қаржау" ШҚ, "TERRA MEAT" ЖШС, "Торғай Ет" ЖШС, "Қорғау" ЖШС, "Sher-777" ЖШС және т.б. Кәсіпорындар 980 тонна көлемінде 100-ден астам өнім түрін сатуды жоспарлап отыр. Оның ішінде түрлі мал еті – 150 тоннадан астам, сүт өнімдері – 50 тонна; шұжық өнімдері және жартылай ет өнімдері – 20 тонна, балық – 5 тонна; жарма және макарон өнімдері – 30 тонна; картоп пен көкөніс – 60 тонна; ұн – 50 тонна. Сондай-ақ, ұсынылған өнімдердің ассортиментіне нан-тоқаш, кондитерлік өнімдер, бал және т. б. кіреді. Барлық өнім орташа нарықтық бағадан 10-15% төмен сатылатын болады. Келушілер санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен қашықтықты сақтауды, маска тағуды және санитайзерлерді қолдануды ұмытпауы керек.