Өнертапқыш Төрегелді Шарманов алтын медальмен марапатталды
Өнертапқыш Төрегелді Шарманов алтын медальмен марапатталды
5,200
оқылды

Әділет министрлігі және «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК (KAZPATENT) ұсынуымен Еуразиялық патенттік ұйымның Әкімшілік кеңесінің 36 отырысы шешімімен зияткерлік меншік саласының құрметті марапаты - «Өнертапқыштық және патенттік іске қосқан үлесі үшін» В.И. Блинников алтын медалімен медицина ғылымдарының докторы, профессор, Ресей ғылым академиясының және Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, өнертапқыш Төрегелді Шарманов және тау-кен және мұнай саласындағы жетістіктерімен танымал Satbayev University марапатталды.

Салтанатты марапаттау рәсімі Әділет органдары қызметкерлерінің күніне орай өткізілді. Аталған марапаттарды Алматы қ. Әділет департаменті басшысы Абай Арап тапсырды.

Әділет министрлігі және KAZPATENT Төрегелді Шарманұлын және Satbayev University қызметкерлерін лайықты марапаттарымен құттықтай отыра, зияткерлік меншік саласындағы кәсіби қызметінде сәттілік тілейді.

В.И. Блинников атындағы медалі Еуразиялық патенттік конвенцияға қатысушы мемлекеттер үшін өнертапқыштық қызметке және өнертабыстардың құқықтық қорғауын дамытуға елеулі үлес қосқан адамдарға беріледі.