Қарттар күнінде елорда көшелерін арнайы концерттік бағдарламасы бар автобус аралайды
Қарттар күнінде елорда көшелерін арнайы концерттік бағдарламасы бар автобус аралайды
187
оқылды
Мерекеге орай құттықтаулар айтылып, сүйікті әндер орындалады, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты. Қарттар күнін мерекелеу аясында қала әкімдігі мен ардагерлер кеңесі бірқатар іс-шаралар өткізеді. 1 қазанда қалалық филармония әртістері туристік автобуста арнайы концерт ұйымдастырады. Шара әлеуметтік қашықтық сақтау мақсатында автобустың жоғарғы қабатында өтеді. Көлік сағат 09:20-да қозғала бастайды және елорданың сегіз тұрғын алабы бойынша жүреді. Атап айтқанда, картада Кенесары даңғылынан Жеңіс даңғылына, Абай даңғылынан Брусиловский көшесіне, Пушкин көшесінен Ш. Құдайбердіұлы көшесіне дейін, Ғ. Мұстафин көшесінен Қобыланды батыр көшесіне, Б. Момышұлы көшесінен Сарайшыққа, Саураннан Қабанбай батыр даңғылдарына, Республикадан Кенесары көшесі, Арбатқа дейін аралайтын болады. Жол бойы мерекеге байланысты құттықтаулар айтылып, танымал орындаушылардың халық және заманауи әндері орындалатын болады.