Алаяқ әйел қарт ананы алдап, сөмкесін ұрлап кетті
Алаяқ әйел қарт ананы алдап, сөмкесін ұрлап кетті
264
оқылды
Polisia.kz. хабарлауынша, теміртаулық полицейлер 81 жастағы қала тұрғынына қатысты ұрлықты ашқан.  29 қыркүйекте 81 жастағы зейнеткер Раиса Степанова дүкендердің біріне кіріп, қажетті дүниесін сатып алып, сөмкесіне салып алған. Сөмкеде сонымен бірге зейнетақыдан қалған 5 мың теңгесімен, жинаған кішкене ақшасы болған. барлығы – 9 700 теңге. Ол – қария үшін қомақты сома.
Кенеттен әжейге бейтаныс әйел қасына келіп, көмектескісі келіп, үйіне дейін шығарып салмақшы болған. Сөйтіп, зейнеткер қолындағы сөмкесін әлгі әйелге ұстата салған. Қазір келетініне сендірген алаяқ ізін суытып кеткен. Біраз уақыттан соң оны түсінген әжей полицияға шағымданған. 
Полиция қызметкерлері зейнеткердің берген сипаттамасына сәйкес, алаяқты ұстады.  Ол бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған 31 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Кінәсін мойындап, сөмкені заттарымен қайтарып берді. – Қылмыскерге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізілуде, – деп хабарлады Қарағанды облысының ПД бастығы Ерлан Файзуллин.