«Праймеризде ешқандай бұрмалаушылыққа жол берілмейді!» – Nur Otan хатшысы Әлібек Әлденей
«Праймеризде ешқандай бұрмалаушылыққа жол берілмейді!» – Nur Otan хатшысы Әлібек Әлденей
305
оқылды

Nur Otan партиясы хатшысы Әлібек Әлденей өзінің фейсбук парақшасында бүгін праймериздің дауыс беру кезеңі басталғанын хабарлады. Ол сондай-ақ жүйенің тежелу себептерін түсіндірді.

«Бүгін Nur Otan партиясының праймеризі бойынша дауыс беру басталды. Жеңіске жетуге 10 076 кандидат күресуде. Қазіргі сәтте ақпараттық жүйеде 728 879 адам тіркелген (авторландырылған).
Дауыс беру бастапқы сәттен қарқынды өтуде. Бүгінгі түнгі сағат 00.00-ден таңғы сағат 04.00-ге дейін «Праймериз» жүйесіне 50 мыңдай партиялық жүгінді. Сағат 11.00-де, біз мезеттегі жүктеме 76 мыңнан астам сұранысқа жетті.
Техникалық мониторинг бір мезгілде дауыс беруші партиялықтар мен нәтижені бақылап отырған кандидаттармен қатар сайтты бөгде қолданушылар да көптеп қарап отырғанын көрсетуде.
Мұның барлығы жүйеге артық салмақ түсіруге әкеледі, ол тиісінше процессті едәуір баяулатып, сұраныстарды өңдеу уақытын ұлғайтады. Қазір біздің IT-мамандарымыз техникалық іркілістерді жою, арналардың өткізу мүмкіндіктерін арттыру шараларын қолға алуда.
Еске сала кетейін, бұл – Қазақстанда ел көлемінде өтіп отырған тұңғыш онлайн-дауыс беру. Сондықтан жүктеменің жоғары болу ықтималдығын ескеріп, әуел бастан дауыс беруді 3 күн, 1 – 3 қазан аралығында, яғни тұтастай 62 сағат өткізу туралы шешім қабылданды.
Сағат 13.00-де «Праймериз» АЖ-де 31 367 партиялық дауыс берді.
Құрметті праймеризге қатысушылар!
«Дауыс беру нәтижелері» бөлімінің жаңартылуы 30 минуттан 1 сағатқа дейін уақыт алады. Бұл алгоритм жүйеге түсетін жүктемені төмендету үшін енгізілген.
Талдау көптеген қолданушының жүйеде сағаттап отырғанын көрсетті. Сондықтан кандидаттардан және басқада қолданушылардан жүйеге қайта-қайта кіруді тоқтата тұрып, партиялықтардың дауыс берулеріне мүмкіндік берулерін сұраймын.
Құрметті партияластар,
Екі түбегейлі жайтты атап өткім келеді.
Бірінші. Әрбір партиялықтың дауыс беру нәтижелері сақталады және сұраныстарды өңдеу барысына қарай міндетті түрде жүйеде көрсетілетін болады.
Екінші. Қорғаныс және шифрлау кез келген бұрмалаушылыққа жол бермейді.
Еліміздің ең шалғай елді мекендерінің тұрғындарын қоса алғанда партияның барлық мүшесі дауыс бере алады.
Тез арада барлық мәселенің шешілетініне сенімдімін. Уақыт жеткілікті. Әрбір азамат дауыс бере алады!
Дауыс беру барысы туралы қосымша хабар беріп отырам» – деді жазды партия хатшысы.