Тележүргізуші қазақ тілін білмейтіндердің жалақысын қысқартуды ұсынды
Тележүргізуші қазақ тілін білмейтіндердің жалақысын қысқартуды ұсынды
407
оқылды
Белгілі тележүргізуші Анна Данченко қазақ тілінің қоғамдағы мәртебесіне қатысты ой қозғап, ана тіліміздің қолданылу аясын кеңейту үшін не істеу керектігін айтты. Тележүргізуші нақты талап қойылса ғана қазақ тілінде сөйлейтіндер саны артады деп есептейді.
"Орыс тілінің (ҚР Конституциясының 7-бабы) ресми тіл екені жөніндегі түсініктемені алып тастаса деймін. Мәселен, мен қазақша білмеймін дейік. Жұмыс берушінің басты талабы - қазақ тілін білу міндетті екені айтылса, Заң талабына сәйкес қазақ тілін білмейтіндердің жалақысын 30 пайызға дейін қысқартса, Сіз келіссеңіз де, келіспесеңіз де сондай заң солай болады. Бірақ ешкім жалақысының қысқарғанын қаламайды. Жұмысшы ақша керек болғандықтан қазақ тілін үйренеді. Ол ақша жерде шашылып жатқан жоқ. Адамдарға осылай сабақ беру керек. Егер бұл елде қазақ тілінің дамығанын қаласақ, әрбір азаматтың қазақша сөйлегенін қаласақ, заң тұрғысында осындай талап қою керек. Адамдар қорқытқанда ғана, өзіне қолайлы емес болғанда ғана, мақсатына жетеді", - деп жазды Анна Данченко әлеуметтік желіде.
Желі қолданушыларының бірі оны қолдаса, бірі қарсы шықты.