Вице-министр кезекші сыныптағы балаларды қашықтан оқытуға көшіруге қатысты ойын айтты
Вице-министр кезекші сыныптағы балаларды қашықтан оқытуға көшіруге қатысты ойын айтты
183
оқылды
Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният кезекші сыныптағы балаларды қашықтан оқытуға көшіруге қатысты ойын айтты.
«Қазір кезекші сыныптарда оқушылар санитарлық талаптарды сақтап оқып жатыр. Коронавирус ауамен жұғатындықтан, індетті жұқтыру фактілері орын алған. Егер сыныпта бір бала короенавирусқа шалдықса, бүкіл сынып оқушылары карантинге жіберіледі», - деді Ажар Ғиният Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Сонымен қатар вице-министр балалар бірінші тоқсанды мектепте кезекші сыныптарда оқумен аяқтайтынын айтты.