Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният Қазақстанда 41 бала Кавасакиге ұқсас синдромға шалдыққанын айтты.
«Кавасакиге ұқсас синдромға шалдыққан екі бала қайтыс болды. Олардың бірі 15 жаста еді. Ол жүйелі қызыл жегімен ауырды. Кейін оның қанында коронавирус антиденелері анықталды. Екінші баланың жасы 2,5 жаста еді. Ол тромбозбен ауруханға түсті. Бұл бала да коронавирус жүқтырғаны белгілі болды», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметінде брифингте.
Еске сала кетейік, вице-министр бұған дейін кезекші сыныпта оқитын оқушылардың қашықтан оқуға көшуіне қатысты пікір білдірген болатын.