«Праймериз» ақпараттық жүйесіне тіркелгендердің бестен бірі (22%) дауыс берді
«Праймериз» ақпараттық жүйесіне тіркелгендердің бестен бірі (22%) дауыс берді
265
оқылды

Сағат 20.00-дегі мәліметке сәйкес республика көлемінде 157 мың партиялық дауыс берді. Бұл – «Праймериз» ақпараттық жүйесіне тіркелгендердің бестен бірі, яғни 22%-ы. Бұл туралы Nur Otan партиясының хатшысы Әлібек Әлденей өзінің фейсбуктегі жеке парақшасында жазды.

«Ақпараттық жүйеге түскен салмақ азайған жоқ, қарбалас жалғасуда. Орташа алғанда бір мезетте 100 мыңнан астам сұраныс түсіп жатыр, яғни осынша адам бір сәтте дауыс беру үшін не дауыс беру барысын қадағалау үшін жүйеге кіріп отыр деген сөз. Жүйенің жұмысы қалыпқа түсті, бірақ барлық процестердің баяулауы байқалады. Біздің IT-мамандарымыз байланыс арналарын кеңейту және «Праймериз» жүйесінде сұраныстарды өңдеу мүмкіндіктерін арттыру бойынша тыңғылықты жұмысты одан әрі жалғастырады», – деді партия хатшысы.