Мұғалімдер 800 мың теңге көлемінде сыйақы алады
Мұғалімдер 800 мың теңге көлемінде сыйақы алады
387
оқылды
Қызылордалық мұғалімдер Тәуелсіздік күніне орай 800 мың теңге көлемінде сыйақы алады. Әрине барлығына емес, тек 10 мұғалімге беріледі. Бұл туралы Aykin.kz тілшісі baigenews.kz сайтына сілтей отырып хабарлайды.

– Мұғалім мамандығы үлкен жауапкершілікті қажет етеді. Себебі, олар жас ұрпаққа білім беріп тәрбиелейді. Олардың еңбегін қоғам жоғары бағалайды, ал мемлекет мұғалімдерге үлкен қолдау көрсетеді, – деді Қызылорда обылысының білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова

Обылыстың бас мұғалімі өзінің әріптестерін құттықтап, биыл мерекені қалай тойлайтынын айтты. – Бұл жылы мұғалімдер күніне арналған  мереке онлайн режимінде өтеді. «Қазпочта» арқылы ардагер мұғалімдерге құттықтау қағаздары жеткізілді. Әлуметтік желілерде «Құрметке лайық» ұранымен челлендж өтуде. Сондай-ақ, аудандардағы үздік мұғалімдер туралы бейнероликтер түсіріліп, интернет желісіне салынатын болады. «Шәкірттер құттықтайды» атты онлайн акция өткізілді. Мұның бәрі біздің мұғалімдерге қуаныш сыйлау үшін ұйымдастырылуда, – деді Қасымова. Алайда әзірге берілетін мұғалімдердің есімі аталмады.