Университеттер бассыз кетпей ме?

Университеттер бассыз кетпей ме?

Мәжіліс Төрағасының байла­мынша, білім сапасын бағалау тетігінің қалай аталатыны (оқу же­тіс­тіктерін сыртқы бағалау немесе білім жетістіктеріне мо­ниторинг жүргізу) маңызды емес. Маңыз­дысы – ол 2018 жылы заң жүзінде ЖОО-ларға берілген акаде­миялық және басқарушылық дер­бестікке сәйкес келуі, соған нұқсан келтір­меуі тиіс.

– 2021 жылдан бастап ғылым ордалары төл үлгісіндегі әртүрлі дип­ломын беруге кіріседі. Осы­лайша, жоғары оқу орындары білім беру қызметінде толығымен дер­бестік алады. Солай екен, де­мек білім сапасы үшін жауап­кершілікті де ЖОО-лардың өзі арқалауы ке­рек, – деді Нұрлан Зайроллаұлы.
Оның байламынша, оқу орын­дары бұл дербестікті «өзі қалағанша диплом басып шығара берудің мүмкіндігі» деп санамауы қажет.
– Әрбір ЖОО өзі берген дип­ломды бағалауы, ардақ тұтуы тиіс. Осыған байланысты сұрақ туады: жоғары оқу орындарында білім беру жетістіктеріне мони­торинг жүргізіп отыру қаншалықты орынды? Оның үстіне, аталған мониторинг нақты бір ЖОО-дағы оқыту бағдар­ламаларының сапасы туралы еш­қандай түсінік бермейді. Сонымен бірге білім беру қыз­метіне бақылау міндетті түрде бо­луы тиіс. Бұдан былай ЖОО-лар бақылаусыз қалады екен деген жалған пікір қалып­таспауы ке­рек, – деді Н.Нығ­ма­тулин.
Оның пікірінше, мұндай бақы­лау бар: кәсіпкерлік нысаны ретінде барлық ЖОО-ға Кәсіп­керлік ко­декске сай бақылау жүзеге асы­рылады.
«Бүкіл ЖОО – нарықтың субъек­тісі. Демек, Білім және ғы­лым министрлігі Бас про­курату­раның Құқықтық статистика және ақпарат орталығы арқылы нарыққа кіріп, олардың біліктілік талапта­рына және білім беру стандарт­тарына қаншалықты сәй­кестігін қада­ғалайды. Бұл уәкілетті орган­ға, яғни БҒМ-ге ЖОО-лардың қызме­тін терең талдауға және оларды тиісті бағалауға мүм­кіндік береді, – деген сенімде Нұрлан Нығма­тулин.
Ол «Кейбір заңнамалық акті­лерге білім беру мәселелері бойын­ша өзгерістер мен толық­тырулар енгізу туралы» заң жобасын пы­сықтайтын жұмыс тобына екінші оқылымға дейін бұл мәселені тағы да бір рет мұқият қарауды тап­сырды. Заң жобасы сондай-ақ қыз­мет­кердің еңбек қызметін растайтын құжаттар тізбесін жаңа құжатпен – дуальді оқыту туралы келісіммен толықтыруды ұсынады. Бұған қоса, техникалық және кәсіптік кадр­ларды даярлауға арналған мем­лекеттік тапсырысты бөлу тетігін жетілдіру көзделген. «Жоға­ры кол­ледж» және «колледж» ұғым­­дары­ның аражігі ашылады. Депутаттар қосымша білім алу­ға да мемлекеттік грант беруді ұсынды. Сондай-ақ мемлекеттік мектептер мен балабақшаларда бар тамақ­тандыру қызметін қо­сымша білім беру ұйымдарына да енгізу қарас­тырылып отыр. Палата «Қазақстанның Мем­ле­кеттік шекарасы туралы» заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» жаңа заң жобасын ІІ оқы­лымда мақұлдады. Құжатта ұлттық қауіпсіздік органдарының қыз­мет­керлерін әскери қызмет­шілер сана­тына ауыстыру және Ұлттық қауіп­сіздік комитетінің жеке­леген бөлім­шелерін ҰҚК әс­ке­ри құра­малары етіп қайта құру мүмкіндігі көзделген. Осы коми­теттің ве­домст­восы мәрте­бесін бере отырып, авиа­цияны Ше­ка­ра қыз­метінен шыға­руды көз­дейтін түзе­тулер ұсы­ны­лады. Сон­дай-ақ осы ор­ганның оқу орын­дарын интег­рациялау және кадрлар даяр­лау сапа­сын арттыру үшін заң жо­басында Шекара қыз­меті ака­демиясын ҰҚК қара­мағына беру қарастырылған.  

Айхан ШӘРІП