Кең залдарға көшкен бірегей жәдігерлер енді үлкен көлемдегі қонақтар санына ұлт мұрасын көрсетіп, жерлестер мен шетелдік меймандардың көзайымына айналмақ. Музей кеңістігі әлемнің ірі музейлері мен Еуропа мен Азиядағы белгілі галереялардың көрмесін астанада ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
7 бөлімнен құралған экскурсия туры инсталляцияларды, 3D голография мен электронды карталарды, mapping-шоу мен touch-мониторларды, медиа үстелдерді қамтиды.
Музейдің жаңа ғимаратын алғаш тамашалауға келген қала тұрғындарын Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы кеңсесінің жетекшісі Махмұд Қасымбеков пен мекеме директоры Әмірхан Рахымжанов қарсы алды.
Он адамнан аспайтын қонақтарға арналған экскурсиялар 15 минут сайын жүріп отырады.
Музей мен уақытша экспозициялар кеңістігі, спорт, өнер, музыка мәдениеті залдары, оқуға арналған интерактив орындар қонақтарды карантин шаралары жеңілдетілгенде қабылдай бастайды...