Қылмыскер екі әйелді өлтіріп, денесін бөлшектеп тастаған екен
Қылмыскер екі әйелді өлтіріп, денесін бөлшектеп тастаған екен
196
оқылды
Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен екі әйелді қасақана өлтірген Рудный қаласының тұрғыны сотталды.
Бұл жайында облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады. Олардың айтуынша, оқиға биылғы жылдың ақпан айында Рудный қаласында болған. Сотталушы П. жұбайынан жәбірленушімен жақын қарым-қатынасын жасырғысы келген. Сол себепті жәбірленушіні пышақтап тастаған. Онда да ас үй пышағымен мойнына пышақ салған. Әйел оқиға орнында көз жұмды. Содан қылмыскер П. қылмысын жасыру үшін жәбірленушінің әжесін де өлтірген. Сөйтіп екі әйелдің денесін бөлшектеп, пәтеріндегі балконға жасырып, Тобыл өзеніне ағызып жібермекші болған. Сотталушының қылмысы сараптамалардың қорытындыларымен дәлелденді.
Айта кету керек, қайтыс болған әйелдердің мүгедектігі болғаны анықталды. П. бұған дейін де қылмыс жасап, сотталған. «Сот жасалған қылмыстардың ауырлығы мен жеңілдететін мән-жайларды ескере отырып, сотталушыға өмір бойы бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындады» делінген сот хабарламасында. Сотталушы Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі бойынша айыпты деп танылды. Жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары қылмыстық - атқару жүйесі мекемесінде өтейді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.