Nur Otan партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев праймеризде онлайн дауыс берді. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай өінің твиттердегі аккаунтында жазды.
«Елбасы ішкі партиялық іріктеуге қатысушылардың үгіт-насихат жұмыстарын және қоғамдық пікірталастарды мұқият бақылағанын атап өтті. Қазақстанның Тұңғыш Президенті үгіт-насихат пен пікірталастар кезінде партия назарға алуға тиіс бірқатар конструктивті ұсыныстар айтылғанына тоқталды. Нұрсұлтан Назарбаев барлық партия мүшелерін дауыс беруге белсенді қатысуға шақырды» – деп жазды Айдос Үкібай. Естеріңізге сала кетейік, қазанның 1-3 аралығында праймеризге қатысушыларға дауыс беру басталды.Председатель партии «Nur Otan» Нурсултан Назарбаев принял участие в онлайн-голосовании в праймериз. Перед началом голосования Елбасы отметил, что внимательно следил за агитацией и публичными дебатами участников внутрипартийного отбора. pic.twitter.com/BAcaPM2gZV
— Aidos Ukibay (@Aidos_Ukibay) October 2, 2020