"Қазгидромет" РМК демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады.
Синоптиктердің мәліметінше, жексенбі күні – солтүстік-батыс, солтүстік, ал келесі аптаның басталуымен – Қазақстанның орталығы мен шығысы циклон жырасының ықпалында болады. Бұл циклонның орталығы Таймыр түбегінің үстінде орналасқан және арты қарға ұласатын жаңбыр әкеледі.
"Еліміздің қалған аумағы Баренц теңізі аудандарынан келетін кең антициклонның ықпалында болады. Антициклон негізінен жауын-шашынсыз ауа райын қалыптастырады. Республика бойынша ауа температурасының біртіндеп төмендеуі, кей жерлерде тұман, желдің күшеюі, солтүстікте, орталықта және шығыста - көктайғақ, төмен бұрқасын күтіледі", -делінген хабарламада.