Жексенбі күні, 4 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында қоғамдық көлік қозғалысы бір күнге уақытша тоқтатылады. Дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі, деп хабарлады қалалық әкімдік.
⠀
Сенбі күні қоғамдық көлік қозғалысы қалыпты болады.
⠀
Дүйсенбі күні, 5 қазанда қалалық және қала маңына қатынайтын автобустар қайтадан қатынайды.
⠀
Еске сала кетейік, қоғамдық көлікке бетперде тағып кіру керек. Жол жүру ақысы көліктік карта, SMS, QR-код және мобильдік қосымшалар арқылы төленеді.